Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

26 Ақпан 2018

АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ ЖАУЫНГЕРЛЕРІН АЛҚАЛАДЫ

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауылдық округтегі білім мекемелері мен кітапханаларда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер мен тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылармен мағыналы кездесулер ұйымдастырылып, дәстүр бойынша ерлік сағаттары болды.

Read more

ЖЫР ТҰНҒАН ЖАҒАСЫНДА КӨКПЕКТІНІҢ

Ауданымызда аталып өткен Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойы жұртшылықтың есінде қалар мерекелі, берекелі іс-шара болды. Тойдың қызығы республикаға танымал ақындардың айтысы еді. Айтыс керуенін елімізге әйгілі ақын, мәдениет қайраткері Жүрсін Ерманның бастап келуі де жиынның көрігін қыздырып, мейрамның мерейін үстем етті. Айтысты көргенде арманда, көрмегенде арманда демекші, айтысты келіп көре алмағандар үшін, тұшынып естіп, сүйсініп қарай алмаған ағайынға айтыстың жазбаша нұсқасын ұсынамыз.
Баға жетепес құндылықтарымызды игілілікке жаратайық, ағайын!

Read more

ҚҰРАНДА БІЛІМ АЛУ ОРАМАЛДАН БҰРЫН ПАРЫЗ БОЛҒАН

 Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектептер, колледждер, лицейлер үшін міндетті форма талаптарын бекіткен. Ол білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешелік белгілерін жоюға бағытталғаны белгілі. Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін регламенттейді. Алайда, бүгінде еліміздегі орта білім беру мекемелеріне қыз балалардың орамал тағып келуі мәселесі өзекті болуда. Осыған орай, теология ғылымдарының докторы, белгілі дінтанушы Балғабек

Мырзаевпен әңгімелескен едік.

 

Read more

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты Мамай ауылында бүгінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұрған ауған жерінде қаза тапқан жерлесіміз Нұрсұлтан Разақовты еске алуға арналған волейбол турнирі болып өтті.Турнирге аудан бойынша Преображенка, Тассай, Көкжайық, Үлгілімалшы, Белое ауылдарынан және Мамайдан 2 команда, аудан ардагер спортшылары командалары қатысты.

Read more

АҚ БАТА – АСЫЛ МҰРА

Батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Ақ бата – асыл мұра» атты сайыс өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан ұйымдастырылған сайыста қариялар бата беруден жарысты. Бұл іс- шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз