Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты Мамай ауылында бүгінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұрған ауған жерінде қаза тапқан жерлесіміз Нұрсұлтан Разақовты еске алуға арналған волейбол турнирі болып өтті.Турнирге аудан бойынша Преображенка, Тассай, Көкжайық, Үлгілімалшы, Белое ауылдарынан және Мамайдан 2 команда, аудан ардагер спортшылары командалары қатысты.

 

Нұрсұлтан Орақбайұлы Разақов Ауғанстан жеріндегі Кеңес әскерінің қатарында сол кезде «интернационалдық – ұлтаралық»- деп аталған борышын өтеу кезінде шаһит болған жерлесіміз. Нұрсұлтан Отто Юльевич Шмитд атындағы мектепті үздік бітірсе де, сол жылы күзде қарулы күштер сапына әскерге шақырылып кетті. Кеңес әскерлерінің Германиядағы тобында әскери қызметін бастаған ол, арада жыл салып ауған еліне жіберіледі. Бүгінде жас Нұрсұлтанның бала Нұрсұлтанның мектептегі, ауылдағы кездерін сыныптастары мен жерлестері сағынышпен еске алады. Өзіде ауған соғысы ардагері, елуді еңсерген жігіт ағасы Дүйсен Елубаев:
Нұрсұлтан мектепте бізден 3 класс жоғары оқыды. Оның спортпен айналысуы, сабақ үлгерімі бізге қашанда үлгі болатын. Бүгінде ақсақал болған Қарағандыкөл ауылындағы ең беделді мұғаліміміз Өкеш Тоқтабаянұлы Большиновтың темірдей тәртібінде шыңдалған Нұрсұлтан, нағыз елін сүйген азамат болғанын ерлігімен дәлелді. Волейбол турнирі аяулы ағамызды еске алуға арналған 30-шы турнир. Осы турнирге дайындалып, оны «қашан болады» -деп, тосып жүргендердің өздері қазір шау тартты. Сонда да мерекелі жарысқа ардагерлер командасын шығарып, атсалысып жатырмыз – деп сөзін аяқтады, кеудесінде орден, медальдары жақыраған Дүйсекең.
Жарыстың Мамай ауылындағы Аманкелді атындағы орта мектепте ұйымдастырылуының мәнін мектеп директоры Серік Қалдыбаев ашып берді:
Кезіндегі Қарағандыкөл ауылындағы Нұрсұлтанның көптеген жерлестері мен сыныптастары осы ауылда қоныс тепкен. Мамай ауылы мен Қарағандыкөл ауылы ежелден еншісі бөлінбей араласқан ағайындар мекені. Сондықтан Нұрсұлтан Разақов біздің де батыр ағамыз. Турнирді өткізуге залды безендіріп, жарысқа қатысушыларды қарсы алып жатқан жайымыз бар. Батыр есімін ел ұмытпай ардақтаса, келер ұрпақ солардың үлгісін көрсе, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. Ер есімі – ел есінде- деген осындай да айтылған даналық сөз болар – деп сөзін аяқтады директор мырза.
Турнир аяқталғанда, жеңімпаз Белое ауылынан келген берен білекті, күрзі жұдырықты жігіттер болды. Екінші орында Тассайдың волейболшылары болса, үшінші орынды үлгілімашылықтар еншіледі. Турнирдің демеушілері аудандық білім беру, спорт және денешынықтыру бөлімінің бас маманы Сәбит Темірханов, Көкжайық ауылдық округі әкімі Нұрбек Сүлейменов, бас маман Ермек Нүкішев болды.

Қ.БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз