Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Ақ бата – асыл мұра» атты сайыс өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан ұйымдастырылған сайыста қариялар бата беруден жарысты. Бұл іс- шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.


Сайыс қорытындысымен қа-зылар алқасы бірінші орынға Үлгілімашы ауылдық округінен келген Шахан Төлеубайұлы Тұрсынхановты лайық деп тапты. Ал екінші орын Шұғылбай ауылынан келген Өмір Рахымжановқа берілді. Үшінші орынды Тассай ауылының ақсақалы 92 жастағы Назарбек Қасенов иеленді. Жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар, алты алашқа әйгілі билер атындағы номинациялар: Майқы би – Тассай ауылынан Агимбаев Болатбек, Төле би - Тассай ауылынан Қабдылманап Жанабаев, Әйтеке би – Үлкенбөкен ауылынан Тұрарбек Байдаулетов, Қазбек би – Самар ауылынан Ыхай Серікке берілсе, ұлысымызға ұран болған Би Боранбай атындағы номинация - Қылышбек Нүрпейісовке, Байқадам би атындағы номинация – Бауыржан Рапековке берілді. Шараның ұйымдастырылуы, сахнаның безендірілуі аталмыш сайыс өткен Көкпекті орта мектебі басшылығының болар іске зор жауапкершілікпен қарағанын көрсетіп тұрды.


Қ. Бесбайыс

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз