Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

06 Ақпан 2018

ОҢ ШЕШІМІН ТАПҚАН АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы басым бағыттарының бірі халықты ауыз сумен қамту мәселесі болды. Мемлекет басшысы «қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті», деп атап көрсеткендей, халық үшін сапалы ауыз суға қол жеткізудің маңызы зор.
Көкпектіліктер үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі биылғы жылы оңтайлы шешімін тапты. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарлама «Аймақтарды дамыту» аясында жүзеге асты. Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Әр облыс бағдарлы жұмыстар атқарып жатыр. Бұл бағытта облыс көлеміндегі аудандарда айтарлықтай іс атқарылуда. Сондай ауданның бірі – Көкпекті ауданы.

Read more

ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ШАҚЫРДЫ

Аудан әкімі Р.Н.Сағандықовтың Аққала ауылдық округінде тұрғындармен өткізген кездесуінде өңіріміздің барлық салалар бойынша қол жеткізген табыстарын әңгімелеп, ағымдағы жылда алға қойылған жоспарлармен бөлісті. Белгілі болғандай, ауданда бюджет қоржынының қаржылық қорын нығайтатын төлемдер мен кірістерді қамтамасыз етуге бағытталған материалдық өндіріс саласы табысты дамып келе жатыр.
Ағымдағы жылға арналған жоспар жайын баяндай келе, аудан әкімі тұрғындарды кеңейтілген ғаламтор жүйесімен қамту көзделіп отырғанын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзіне асыру, халыққа электрондық форматта ұсынылатын қызметтердің үлесін арттыру және тағы басқаларға тоқталды. Алайда, ауылдық елді мекендерді дамыту жұмыстары ең басты мәселе болып қалатынын ескертті. Бұл ретте,

Read more

БАСТЫ БАСЫМДЫҚ - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағандықовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулері Құлынжон ауылдық округінде жалғасты. Халықпен ашық әңгіме алаңында өткен жиынға облыс орталығынан келген қонақ ШҚО сәулет және құрылыс Басқармасы басшысының бас орынбасары Н.Төлеубеков қатысты. Аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістер жайлы толығынан баяндап өтті. Рамиль Нығметжанұлы, әсіресе, Құлынжон округінде ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылық өнеркәсібінің белсенді дамып келе жатқанына назар аударды.
Одан өзге, аудан экономикасын көтеруге бағытталған бірнеше жобаның жүзеге асырылу жұмыстары аяқталып келеді. Осындай жобалардың бірі – «Кузмич» ЖШС. Құлынжон ауылдық округіндегі серіктестік балықтың бағалы түрлерін, шаянды интенсивті кешенді өсіруге маманданған, сондай-ақ, жылыжайда бақша дақылдарын өсіру, біріктірілген (интегралдық) жүйемен биогумус және құрамажем өндірумен шұғылдануда. Жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын ашқан жобаның құны - 70 млн. теңгені құрады.

Read more

МІНДЕТІМІЗ - АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАУ

Аудан әкімі Рамиль Сағындықовтың тұрғындар алдындағы дәстүрлі есеп беру кездесулер апта басында Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдық округтерінде жалғасты. Есепті жиында аудан басшысы өткен 2017 жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, үстіміздегі жылы жасалатын жұмыстарды атап көрсетті. Көкжайық ауылдық окугінде өткен есептік кездесуге облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов қатысып отырды. Екі ауылдық округтегі кездесулер ашық пікіралмасу түрінде өткізілді. Арнайы орнатылған жәшіктерге түскен хаттардың да саны біршама.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз