Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Р.Н.Сағандықовтың Аққала ауылдық округінде тұрғындармен өткізген кездесуінде өңіріміздің барлық салалар бойынша қол жеткізген табыстарын әңгімелеп, ағымдағы жылда алға қойылған жоспарлармен бөлісті. Белгілі болғандай, ауданда бюджет қоржынының қаржылық қорын нығайтатын төлемдер мен кірістерді қамтамасыз етуге бағытталған материалдық өндіріс саласы табысты дамып келе жатыр.
Ағымдағы жылға арналған жоспар жайын баяндай келе, аудан әкімі тұрғындарды кеңейтілген ғаламтор жүйесімен қамту көзделіп отырғанын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзіне асыру, халыққа электрондық форматта ұсынылатын қызметтердің үлесін арттыру және тағы басқаларға тоқталды. Алайда, ауылдық елді мекендерді дамыту жұмыстары ең басты мәселе болып қалатынын ескертті. Бұл ретте,

ағымдағы бюджет аясында болсын немесе әлеуметтік серіктестіктен қаражат тарту есебінен болсын негізгі басымдық аса өткір мәселелерді шешуге берілетін болады. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша таза ауыз сумен қамтылатын тұрғындар санын арттыру мақсатында 2018 жылы бірқатар ауылдық округтерде су құбырларын орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстары басталды. Ол ауылдар қатарында Аққала да бар. – Ауыз су сапасы жөнінен ауданымыз облыс көлемінде көштен қалып отырғаны ешкімге де құпия емес, - деді Рамиль Нығметжанұлы. – Сондықтан біз бұл мәселені шешуді кезең-кезеңмен жоспарлап отырмыз. 2021 жылға қарай аудан тұрғындары үшін ауыз су мәселесі толығымен шешімін табатын болады.
Сонымен қоса, есеп беру кездесуінде ауыл әкімі М.Жанкебаевтың есептік кезеңдегі іске асқан жұмыстар жайындағы баяндамасы халық назарына ұсынылды. Ауылдық округ экономикасының басты саласы – ауыл шаруашылығы шаруа қожалықтары, ЖШС және жеке меншік шаруашылықтармен атқарылып отыр. Округте 40 ШҚ 3 ЖШС тіркелген. Сондай-ақ, Мұхтар Қайырғазыұлының айтуынша, округтегі абаттандыру саласында көптеген өзгерістер мен ілгерілеушіліктердің бар екені байқалады. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Аққала ауылының орталық көшесіне жарықтандыру жұмыстары жасалып, ауыл клубы мен әкімдік ғимаратының төбесі мен фасадына жөндеу жүргізіліпті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша құны 27 миллион теңгеге мектеп пен балабақша ғимараттарының төбесі ағымдағы жөндеуден өткізілген. Қараөткел және Қойтас ауылдарының жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өту құрметіне Жеңіс скверіне орындықтар мен жарық шамдары орнатылып, жасанды жасыл жабындымен жабдықталған волейбол және футбол алаңдары пайдалануға берілген. Аудан басшысымен және округ әкімімен кездесуге келген тұрғындар саны көп болғанымен, Ақтас ауылының халқы тарапынан маңызды мәселелерді талқылауға деген белсенділік әлсіз болды. Ал, жарыссөзге қатысқан ауыл тұрғындары Қ.Боғұбаев, Н.Кәшімбаев және М.Оразбеков ауылдық округтің әкімдік аппаратының жұмысына оң баға бергеннен өзге бір де бір әлеуметтік мәселені қозғаған жоқ. Рухани құндылықтар тақырыбын жалғастыра келе ауыл тұрғыны А.Манапов жерлес интернационалист-жауынгердің ескерткішін жерленген орнынан Жеңіс скверіне көшіру қажеттігі туралы ұсынысын айтты. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтар бойына патриоттық сезім дарыту үшін де пайдалы. - Әрине, ауылымызда көп игілікті істер атқарылды, - деп сөзін жалғастырды Ақзам Манапұлы. - Бірақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешу және балаларымыздың бос уақытын сапалы өткізу үшін әлі де көп дүниелер жасау керек. Осындай мәселелерді жергілікті деңгейде, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің аясында, қалталы азаматтарды жұмысқа тарту арқылы шешуге де болады, - деді сөз соңында ақсақал.
Кездесу қорытындысында аудан басшысы ауыл ақсақалы көтерген барлық мәселелер қалай да шешілетінін, бірақ қаражат жағын қарастыру керектігін түсіндірді. – Сіздердің округте бірталай жұмыстардың басы қайырылған, - деді қатысушыларға арнаған сөзінде. – Әлеуметтік нысандар жөнделген, ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Алайда, бізге осымен бір орында тоқтап қалуға болмайды. Алдымызда әлі де шешімін күтіп тұрған көптеген міндеттер бар. Оларды барлығымыз бас біріктіріп орындауымыз қажет. Тек береке-бірлікпен күш салу арқасында ғана біз, жуықта Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарға арнаған Жолдауындағы алдымызға қойған 10 басты міндетті жүзеге асыра аламыз. Оны іске асыра алатынымызға мен сенімдімін!

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз