Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Рамиль Сағындықовтың тұрғындар алдындағы дәстүрлі есеп беру кездесулер апта басында Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдық округтерінде жалғасты. Есепті жиында аудан басшысы өткен 2017 жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, үстіміздегі жылы жасалатын жұмыстарды атап көрсетті. Көкжайық ауылдық окугінде өткен есептік кездесуге облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов қатысып отырды. Екі ауылдық округтегі кездесулер ашық пікіралмасу түрінде өткізілді. Арнайы орнатылған жәшіктерге түскен хаттардың да саны біршама.


Қоғамдық тәртіп – басты назарда

Аудандағы іргелі ауылдық округтердің бірі Көкжайықта тұрақты қызмет атқаратын учаскелік полиция қызметкерінің болмағанына екі жылдан астам уақыт өткен. Бұрынғы жұмыс атқарған учаскелік инспектор зейнеткерлікке шыққаннан бері бос орынға қызметкер табылмай отыр. Бұл мәселе былтырғы есептік кездесу барысында да көтерілген болатын. Ауыл әкімі Нұрбек Сүлейменов өз тарапынан барлық жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Ал жергілікті полиция бөлімінің басшысы Фирхат Мавлютов дәл осындай түйінді мәселе ауданның 5 бірдей ауылдық округінде туындап отырғанын тілге тиек етті. Тіректі ауылдық елді мекен Көкжайықта өткен 2017 жылы қылмыстық құқықбұзушылық саны екі есе артқан. Оның көпшілігі ұрлық фактілері.Тұрғындар да кездесу барысында жапа тармағай осы мәселені қайталап айтумен болды. Аудан басшысы Рамиль Сағындықов ауыл әкімі мен жергілікті полиция басшысының осы мәселенің тез арада шешілуіне тікелей ықпал етуді жүктеді.
Көкжайықта көңіл көншітер жағымды жаңа-лықтар да жетерлік. Ел алдында есеп берген ауыл әкімі Нұрбек Сүлейменов баяндамасында кеңінен тоқталды. Округте 5 ауыл шаруашылық кооперативтері ашылып, жеке меншік малды тегін баққан, Қарамойыл ауылында «Талап» шаруа қожалығының базасында 3 тонналық сүт жинау пункті ашылған, Көкжайық ауылының тұрғыны Ержан Ақылбаев өзі тұратын көшеге меншікті қаражаты есебінен жарықтандыру жұмыстарын жүргізген.
Былтырғы жылы есептік кездесуде қойылған сұрақтардың бірқатары оңды шешімін тапқан екен. Көкжайық ауылының дәрігерлік амбулаториясының төбесі ағымды жөндеуден өткізілген. Жастарға волейбол алаңы жасалып, Ақой ауылында балалар алаңы салынған. Нұрбек Сыдықұлы ағымдағы жылы атқарылуы тиісті шараларды да назардан тыс қалдырмады. Жоспар бойынша Қарағандыкөл ауылының жолы тегістелмек. Ақой ауылында құрылысы бас-талған фельдшерлік пунктті толықтай бітіріп, Көкжайық ауы-лында спортзалды ағымды жөндеуден өткізу сынды шаралар да қарастырылып отыр.
Аудан және ауыл әкім-дерінің есебін тыңдаған ауыл тұрғындары өздерін толған-дырған мәселелерді ортаға салды. Олардың дені ауылдағы қоғамдық тәртіпті нығайту, мал басының өсуіне байланыс-ты ветеринарлық жағдайды қатаң қадағалау, санитарлық тазалыққа мән беру сынды өзекті тақырыптар аясында өрбіді. Ауыл ақсақалдары Тоқан Жазнаев пен Мұқан Қалиханов жерлестерін береке – бірлікке шақырды.

Өнерлі ауылға мәдениет ошағы жетіспей тұр

Үлгілімалшы ауылының мектеп залында өткен жиынға ауыл тұрғындары, ұстаздар мен әкімшілік қызметкерлері қатысты.Үлгілмалшы – аудан орталығынан және де үлкен жолдан шеткері орналасқан ауыл. Сондықтан да округтің әлеуметтік жағдайын шешу біліктілікті, тынымсыз еңбекті қажет ететіні түсінікті. Ауыл әкімі Мерей Смағұловтың жылдық есебіне қарағанда, жалпы жан-жақтылы өсім барлығы байқалады. Әрине, шешілмеген, қордаланған, кезегін күткен түйткілді істер де көп. Дегенмен, Мерей Нығметжанұлы округ басшысы болғалы бері нақты істер қолға алынып, жүйелі жұмыс жүріп жатқанын халық ризашылықпен жеткізді.
Әкімдерінің ісіне оңды баға берген ауыл тұрғындары аудан басшысы Рамиль Сағындықовтың таныстырған баяндамадағы жағымды жаңалықтарға қуанысып қалысты. Ең бастысы, аудан экономикасын алға жетелеу, таза сумен қамтамасыз ету, балабақша мен мектептердегі білім сапасын көтеру, жұмыс орындарын ашу ісін жетілдіру сынды жаңалықтар көңіл көншітерліктей. Бұл жөнінде ауыл ақсақалдары айтып отыр. Ауданның дамуына түрткі болатын негізгі жұмыс ауыл әкімдерінің қолында. Олардың іскерліктері, ұйымдастырушылық қабілеттері әрі тиісті құжаттама уақтылы өткізіп, қажетті қаржы бөлгізуге ұмтылыстары – ауыл халқының жағдайын жасаудың бірден-бір тетігі. Мұны да естен шығармаған жөн.
Ауыл тұрғындарының сұрағы негізінен халық-тың денсаулығы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолды жөндеу, интернет жылдамдығын арттыру, мал жайылымын ұйымдастыру төңірігенде болды. Ардақты ұстаз Сәбира Балтабаева ежелден өнерлі ауылға мәдениет ошағының қажет болып тұрғанын жеткізді. Өнердің түрлі саласы қаршындап дамып келе жатқан ауыл жастары үшін клуб үйінің жөндеуден өтпей, қаңырап бос тұрғаны қыңжыларлық жағдай, әрине. Аудан басшысы да бұл мәселе бойынша арнайы тапсырма беріп, жеке өзінің бақылауымен барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын атты.
Кездесу соңында аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұр-ғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Ел алдындағы есеп беру кездесуін «Біздің міндетіміз – ауыл халқының жағдайын жасау», - деп түйіндеді аудан әкімі.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз