Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағандықовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулері Құлынжон ауылдық округінде жалғасты. Халықпен ашық әңгіме алаңында өткен жиынға облыс орталығынан келген қонақ ШҚО сәулет және құрылыс Басқармасы басшысының бас орынбасары Н.Төлеубеков қатысты. Аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістер жайлы толығынан баяндап өтті. Рамиль Нығметжанұлы, әсіресе, Құлынжон округінде ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылық өнеркәсібінің белсенді дамып келе жатқанына назар аударды.
Одан өзге, аудан экономикасын көтеруге бағытталған бірнеше жобаның жүзеге асырылу жұмыстары аяқталып келеді. Осындай жобалардың бірі – «Кузмич» ЖШС. Құлынжон ауылдық округіндегі серіктестік балықтың бағалы түрлерін, шаянды интенсивті кешенді өсіруге маманданған, сондай-ақ, жылыжайда бақша дақылдарын өсіру, біріктірілген (интегралдық) жүйемен биогумус және құрамажем өндірумен шұғылдануда. Жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын ашқан жобаның құны - 70 млн. теңгені құрады.


Құлынжон ауылын қоса алғанда биылғы жылы аудандағы 3 елді мекенде су құбырларын тартуға арналған жобалық-сметалық құжаттар даярланып жатқаны жайындағы жаңалық тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, оларды қуанышқа кенелтті. Бұл дегеніңіз, жақын арада әр үйде таза да сапалы ауыз су болатынын білдіреді. Кездесу барысында округ әкімі С.Құнафин тұрғындар алдында есеп беріп, 2017 жылда атқарылған істер мен 2018 жылға қойылған жоспарлар туралы баяндады. Өткен жыл ішінде округте жүзеге асырылған көптеген жаңалықтар, яғни, бүгінгі күні бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан әкімшілік ғимараты жаңартылып, футбол алаңы ашылды, балалар алаңы салынды, пошта бөлімшесі, кітапхана, шаштараз, клуб үйі жұмыс істеп тұр.
Тыңдалған баяндамаларды талқылау барысында ауыл тұрғындары басшылардың жұмыстарын қолдайтындарын жеткізді және оң баға берді. Сонымен қоса, ауыл азаматтарын толғандыратын мәселелерді де естен шығармай, алға тартты. Мәселен, ауыл зейнеткері Л.Воротникова округке жас мамандарды тарту мәселесінің өзекті екенін жеткізді. – Ауылымыздың байырғы тұрғындары қартайып барады. Сондықтан, бүгінгі таңда ауылға жастарды тарту үшін, оларға қолайлы жағдай жасауға бар күшімізді салуымыз қажет. Бұл ауылдың демографиялық және экономикалық өсіміне де оң әсерін тигізер еді, - деді Людмила Алексеевна.
«Серік» ШҚ басшысы А.Қажығалиев жарыссөзде ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аграршылар арасында субсидиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жайын әңгімеледі. Бұл олардың мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолдануларына мүмкіндік беретінін жеткізді. Қожалық басшысының бұл ұсынысы аудан әкімінің назарына алынып, сәйкес компетентті органдарға тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, құлынжондықтар ауылдағы ФАП пен дәріхананы жаңа ғимаратқа көшіру керектігін ұсынды. Өйткені, бүгінгі күні ескі ғимарат аса аянышты жағдайда және жарамсыз күйде екен. Одан басқа, ауыл тұрғындарын алаңдататын тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, қаңғыбас иттердің көзін жою, ауыл мектебін жаңа интерактивті құралдармен жабдықтау, жолдардың жөнделуі сияқты сұрақтар да ескертілді.
Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі ауданның және ауылдық округтің ең басты мәселесі болып тұрған «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша берілген несие қаражаттарының қайтарылмауы екенін алға тартты. – Бүгінгі күнге «Ертіс» СПК-нің алдындағы ауданның қарызы 645 миллион теңге, оның ішіндегі Құлынжон округінің қарызы 35 млн. теңгені құрап тұр. Несиені қайтару шартын орындамағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалатын болады, - деді сөз соңында Рамиь Нығметжанұлы.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сауалдарға аудан әкімі түсінікті түрде жауап беріп, мәселелер қарастырылатынын және жақын арада шешімін табатынын айтты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз