Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

9 cәуір күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Сагандыков республикалық олимпиада жүлдегері Анна Роздоминаны қабылдады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген озық шәкіртті айтулы жеңісімен құттықтай отырып, Рамиль Нығметжанұлы алдағы уақытта Аняны тек қана биік шыңдардан көретінімізге сенім білдірді. Кездесу барысында аудан басшысы дарынды оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп отыру қажеттілігіне баса назар аударды.

Көкпекті орта мектебінің 10 сынып оқушысы, оқу озаты Анна Раздомина жақында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі пәнінен жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. 24-29 наурызда Атырау қаласында өткен республикалық олимпиадаға қатысып, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен және күміс медальмен марапатталды. Дарынды қыздың бұл жетістігі, әрине аудан мәртебесін Республика көлеміне көтерді десек артық айтпағанымыз. Аняның жеңісіне оның тәрбиеленіп өсіп келе жатқан ыстық ұясы Көкпекті балалар үйіндегі тәрбиешілерінің де төбелері көкке жеткендей болғаны рас.

Сондай-ақ, талапты қыздың қазақ тілін жетік меңгеруіне ықпал жасап, білім нәрімен сусындатқан ұстазы М.Құрманғалиеваға шәкіртінің алғысы шексіз. Ұстазының үмітін ақтап, жеңіспен оралған дарынды қызға Көкпекті орта мектебінің демеушісі Бекбердинова Шолпан Майданқызы бағалы сыйлық ұсынып, қолдау көрсетті. Мектеп директоры Аслан Танысбаев пен мектеп ұстаздары демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыстарын білдіріп, білім шыңының биігінен көрінген Аннаға болашақта шығармашылық табыс тіледі.

Ж.Қарымсақова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз