Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мәулетқан Әбілмәжінұлы Самар ауылында тұрады. Жасы сексеннен асқан тыл ардагері әкесін соғысқа өзі шығарып салыпты. «Менің жасым сол кезде тоғызда еді. 1942 жылдың қыркүйек айында Баты ауылындағы айлаққа Зайсан жақтан «Роза Люксембург» атты пароход  келіп тоқтады. Онда соғысқа аттанып бара жатқан азаматтар  көп болды. Әкем де соған отырды, содан кейін мен әкемді көрмедім»,-дейді М.Өміров.

 Алғашқы кезде хат келіп тұрған. Отан қорғаушы жауынгер жерлесіміз Курск  майданында жүргенін жазып, отбасының амандығын біліп тұрды. Артта қалған жары Нұржамал мен алты баласы оның тілеуін тіледі. 1943 жылы ең соңғы рет жараланып, Вязьма қаласындағы госпитальда тоғыз ай жатып шықтым, енді қайта майданға кіремін деген хатын алғанда, олар отағасының бар екенін естіп қуанған еді. «Осы жылы үлкен ағайым Шәкерді майданға шығарып салдық. Ал әкемнен сол күйі хабар болмады»,-дейді Мәутен ата.-Кейін әскери комиссариаттан берілген «қара қағаз» көшірмесінде «1942 жылдың қыркүйегінде хабарсыз кетті» деп жазылыпты, ол қате».

Жарты әлемге зардабы тиген соғыстан Шәкер 9 жылдан кейін Маньчжурия  жерінен оралды. Алты баланы жеткізген Нұржамал Сережанқызы 96 жыл жасап, өмірден озды. Ұлдары Қабдікәрім ЖҚБ-да есепші, Әбдікәрім продснабта қызмет етті. Мәутен атаның апайы Алтын, қарындасы Күләш бүгінде көздері тірі, ал ағаларының ұрпақтарымен араласып тұрады.

М.Өміров 1952 жылдан 1993 жылға дейін Самар автокөлік мекемесінде жүргізуші болды. Еңбек Қызыл ту орденінің кавалері атақты Шығыс сақинасы жолын салуға қатысты. Жастайынан  еңбек етіп, соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіруге бар жастық ғұмырын арнаған ақсақал - тыл ардагері. «ҚазКСРО үздік жүргізушісі, «Еңбек озаты» атақтары бар Мәулетқан ата тың игеріп, Қазақстанның астықты аймақтарын түгел шарладым дейді.

 Бүгінде сыйлы ақсақал жастарға ақыл-кеңесін аямайды. Ол ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді шешуге де араласып, ауылдық округ әкімшілігіне ұсыныстарын айтып жүреді. «Жыл сайын Жеңіс  мерекесі қарсаңында мен өзім қазіргі күні немере, шөбере сүйіп отырған қария болсам да,  әкемнің  қайда жерленгенін біле алмағанымды ойлаймын. Ұрпақтар біздің көргенімізді көрмесін, соғыс болмасын, өйткені біздің ата-бабаларымыз сол бейбіт күнді орнату үшін жандарын пида етті. Бір жерде белгісіз жауынгердің немесе бауырластар зиратының бірінде менің әкем жерленген шығар. Қалай болғанда да ол ұрпағы үшін қан төгіп, шейіт болды. Қолымда жалғыз суреті қалғанына тәубе деймін. Ұрпағың сені ұмытқан жоқ, әке!»,-дейді Мәулетқан Әбілмәжінұлы.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз