Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде 26 желтоқсан күні Жаңа 2015 жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Нығметжанұлының қатысуымен аудандағы оқу озаттарына, дарынды балаларға, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған жаңа  жылдық шырша мерекесі болып өтті.

Жаңа жылдық шырша қойылып, заман талабына сай безендірілген дәлізде жиналған балалардың көңілдері көтеріңкі, шат-шадыман. Шыршатой аудан басшысының құттықтау сөзінен бастау алды. Рамиль Нығметжанұлы ізгі ниетпен бүлдіршіндерге зор денсаулық, жаңа жылда жаңа табыс, оқуда алда болуларын тілеп, сыйлықтар табыс етті.

Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен қарша қызға арнап өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық қойылымды сүйікті ертегі кейіпкерлері — мысық, аю, қасқыр, қоян, жолбарыс, қазақтың батырлары, жалмауыз кемпір қызықты өткізуге ат салысты.

Гүлнар Назымбекқызы Әділжанова, Пантелеймоновка негізгі мектебінің мұғалімі:

- Аудан тұрғындарын жаңа жылдарымен құттықтаймын. Бүгін дарынды оқушыларды Пантелеймоновка ауылынан Гүлім мен Диасты мерекелік киімдерімен шыршатойға алып келдім. Гүлім ханшайым киімін кисе, Диас сұлтан, падишах болып киінді. Дарынды балаларға жағдай жасап, олардың білімге деген құштарлығын арттырып, халыққа және болашақ ұрпаққа көңіл бөліп отырған Елбасына алғысым шексіз. Жаңа жыл құт береке әкеліп, әрбір отбасында қуаныш болсын!

Құралай Дәлелханқызы Қайсанова, әлеуметтік педагог, Үлкенбөкен орта мектебі:

- Бүгінгі шыршатойға Үлкенбөкен ауылынан Аманкелі, Аружан, Сергей есімді үш дарынды оқушыны алып келдім. Балалардың мерекелік көңіл күйлері тамаша. Жаңа жылға арналған костюмдері де өздеріне жарасып-ақ тұр. Бүгінгідей жаңажылдық мерекенің өтуіне ат салысқан азаматтарға алғысым шексіз. Келе жатқан қой жылында тек жақсылықтар болсын. Елдің тыныштығын сақтап, өскелең ұрпақтың алаңсыз өсуіне барлық жағынан жағдай жасап отырған Елбасына алғысым шексіз. Қой жылы еліміз мол табыстарға кенелсін.

Жанерке Абылхан

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз