Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада облыс қалалары мен аудандарында тұңғыш рет А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Патриотизм ұлттық рух» тақырыбы аясында ашық диктант өткізілді. Қазақстандықтардың сауатты жазу мәдениетін дамытуға арналған білім акциясын өткізудің мақсаты - кез келген адамның өзінің сауаттылығын тексеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ заманауи қоғамда сауаттылықтың маңыздылығын атап өту.

Сауатты адам – бұл ең алдымен мемлекеттік міндетті іскерлікпен орындайтын, мемлекеттік тілді толық меңгерген сауатты басшы, мемлекеттік қызметкер, заңгер, мұғалім, дәрігер және басқалар. Өйткені, Қазақстандық ұмтылыс, сапалы білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген сүйіспеншілік, өшпейтін патриотизм, қазақи намыс, Мәңгілік ел идеясы жатыр. Сондықтан да тұңғыш диктантқа «Желтоқсан құрбандары – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары» тақырыбы таңдалған.

Көкпекті аудандық кітапханасындағы онлайн орталықта ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай өткен ашық диктантқа жасы, білім деңгейі, қызметі жағынан әртүрлі оннан аса адам қатысты. Онлайн режіміндегі ашық диктанттың модераторы – Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибелі ұстазы, қазақ тілі мұғалімі Мұқатаева Гүлназ Қадырқызы диктант талабына сай мәтін сөйлемдерін түсінікті де анық етіп, мәнерлеп оқып берді.

Диктант нәтижесінде айқындалған жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары ұсынылатын болады. Оның қорытындысы кітапхана сайтында www.pushkinIibrary.kz жарияланады. Алайда, есту арқылы бір рет жазылған диктантты қайта көшіріп жазу орын алған жағдайда қалайша әділ нәтиже шығатынын кім білсін?! Бұл, бәрінен бұрын, өзін өзі алдау, көзбояушылыққа жатпай ма?

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз