Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаңа оқу жылы қарсаңында ауданның білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі педагогикалық кеңесі өтеді. Тамыз кеңесінде Көкпекті ауданының Білім беру бөлімі басшысы Ш.Мұстафина «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттік қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты тақырыпта баяндама жасайды. Көпшілік оқырманға баяндама тезистерін ұсынамыз.  Баяндамада 2013-2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жылдарда атқарылатын жұмыстың мақсаттары мен міндеттері айтылды.

 

-Бүгінгі жиын, қоғам дамуының қозғаушы күші өскелең ұрпақты өркениет талаптарына нық жауап бере алатын, елжанды, адамгершілігі биік, басекеге барынша қабілетті етіп тәрбиелеу мақсатын айқындайтын әрі берері мол кеңес екені белгілі.

-Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі- білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі-оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы- білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында, ұзақ мерзімді стратегияда да қамтылған. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланып, білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойылды.

-Көкпекті  аудандық білім беру бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық Заңдарын, «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан- 2050 Стратегиясы» Жолдауын: құрылған мемелекеттің жаңа саяси курсы,«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012– 2016 жылдарға арналған «ұлттық іс-қимыл жоспары» және «Көкпекті ауданының ауылды аймақтарын дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып жүргізеді.-Ауданда білім алу мүмкіндігін 2013-2014 оқу жылында 41 мектеп жүзеге асырды, оның 37 мектебі шағын жинақталған мектеп қатарында. Оқу жылында 4256 оқушы білім  мен тәрбие алды.Жалпы орта білім беруді 23 орта мектеп, жалпы негізгі білім беруді 12 мектеп, бастауыш білім беруді 6 мектеп жүзеге асырады. Жылдан жылға оқушы санының кемуіне байланысты ҚР Үкіметінің 21желтоқсан 2007жылғы № 1256 қаулысы негізінде Білім беру мекемелері желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативіне сәйкес 3 мектеп: Петропавловка бастауыш мектебі, Ұзынбұлақ және Московка негізгі мектептері оптимизациялар.

Ауданда 909 мұғалім қызмет етеді. Соның ішінде жоғары білімді -746 / 82%/, арнаулы орта білімді -163 /18%/, Жоғары санатты -75мұғалім, 1 санатты-279, 2 санатты -280, санатсыз-275. Сапалық құрамы - 40%.Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісімен -3 педагог, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі-24, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен-35, Ғылым және Білім Министрлігінің алғыс хатымен- 6 педагог марапатталған.

-«Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Көкпекті ауданына 2013 жылы келген 35 жас маман өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Биылғы оқу жылына 20 жас маман орналасуда. Жыл сайын жас мамандар көтерме ақы мен бюджеттік несие алады. 3 жылда үй сатып алуға бюджеттік несиені -27 маман, көтерме ақы жәрдемақысын -54 маман алды. Аудан мектептеріне қажетті 61маман қажет. Биылғы оқу жылында 31 жұмысқа қабылданды, 30 маман қажет: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-5, математика -6, тарих-3, орыс тілі-5, бастауыш сынып-1, физика пәнінен -2.

2013-2014 жылы Палатцы орта мектебі, Преображенка орта мектебі, Абай атындағы «Мектеп балабақша» кешені, Октябрь атындағы «Мектеп балабақша» кешені, «Шуақты шұғыла» балабақшасы облыстық бақылау департаменті басқармасының жоспары негізінде мемлекеттік аттестаттаудан өтті. 2013-2014 оқу жылында Көкпекті ауданы бойынша 0 жас пен 7 жас аралығындағы балалардың жалпы саны 3718 құрайды. Көкпекті ауданы аумағында -568 бала қамтылған 3 балабақша (Шуақты шұғыла, Дәншік, Балерке) Ауданымызда 2013- 2014 оқу жылында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды арттыруда арнайы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруда республикалық бюджеттен  қосымша 36,885 мың тенге қаражат бөлініп, 1 қыркүйектен бастап 7 мектепте 147 баланы қамтитын толық күндік және 5 мектепте 60 баланы қамтитын толық емес күндік шағын орталықтарда қосымша топтар ашылатын болды. Преображенка ауылында 50 орынға арналған және Теректі ауылында 20 орынға арналған жеке бала бақшаларды ашу жоспарланып отыр. 6 мектеп «Мектеп балабақша» кешеніне қайта құру жоспарлануда. 2013-2014 жылы балабақшалар мен шағын орталықтар арасында «Балабақшаның ең үздік әдістемелік кабинеті» сайысының жеңімпазы, «Мектепке дейінгі мекеме оқушысының ең үздік портфолиосы» сайысының жеңімпазы, «Үздік тәрбиеші» сайысының жеңімпазы «Дәншік» балабақшасы иеленді.  «Ең үздік әдістемелік әзірлеме» Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінің тәрбиешілері белсенділік танытты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы аясында Жергілікті Бюджет есебінен 1-4 сынып оқушыларын (1789) және жалпыға бірдей білім беру қорынан әлжуаз топтағы отбасы балаларын (813) ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 62,0 млн теңге бөлінді. Ауданның барлық оқушылары (4256) аптасына 3 рет сүтпен және аптасына 6 рет өлшемді түрде балмен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 5-11сынып оқушыларын бал мен сүтпен қамтамасыз ету барысында селолық округ әкімдері тарапынан қаңтар айында жеке кәсіпкерлермен мектеп директорлары арасында 13 525,472 мың тенге көлемінде келісім меморандрулар шартқа отырды. Аудан мектептерінің барлық оқушыларын бал мен сүтпен қамтамасыз ету 100% құрайды. Жалпыға бірдей білім беру қорынан жағдайы аз қамтылған отбасы балаларының  киім- кешегіне 6 077 мың теңге, сауықтыруға 2 374 мың теңге қаржы бөлінді. Соңғы жылдары әлеуметтік аз қорғалған санатындағы балаларды қолдау үшін жалпыға бірдей міндетті білім қорынан қаржыландыру көрсеткіші бірқалыпты. 2014 оқу жылында ол жалпы орта білім беру мекемелерін қаржыландыру көлемінің 2,0 % (1,8%  2013 жыл) құрады. Балаларға қажетті жыл сайынғы аудан әкімінің гранты олардың жоғары білім алуына едәуік көмек болып отыр. Аудан әкімінің гранты бойынша ауданымыздың 49 түлегі жоғары оқу орынында: 25 түлек педагогикалық және 24 студент медициналық мамандық бойынша білім алып жатыр. «Болашақ» бағдарламасы бойынша біздің ауданның 3 түлегі білім алуда. Аудан бойынша қамқорлық пен қорғаншылықта 2014 жылы 54 (52 былтырғы жылы) бала есепте тұр. Оның ішінде 19 бала жетім, 35 бала қамқорлықта. 51 бала қамқорлық пен қорғаншылық төлемақысын алады. 3 бала патронаттық тәрбиеге берілген. Кешенді жоспар бойынша 2013- 2014 оқу жылында  19 балаға 31 патронаттық ұйымдар бекітіліп, «Тұрғынүйжинақбанкісінде» шоттар ашылған. 1115,0 теңге қаражат жиналды. 2014 жылдың 22 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға бағытталған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетудің кешенді жоспарын орындау барысында «Мейірім » акциясы өткізілді. Акция барысында 11 баламен әдеуметтік келісім шарт құрылып, ұжымдар нақтыланды. Соның ішінде 5 бала қамқорлықтағы жетім бала, 6 бала К.Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Қайырымдылық көмектен түскен қаржы 1,316 мың. теңгенің 1036,0 мың теңге К.Раев атындағы балалар үйінің есеп-шотына, 280,0 мың теңге әлеуметтік келісім шарт құрылған 6 баланың атына «Тұрғынүйжинақбанкте» есеп-шот ашылып, әр баланың шотына 46 500 теңгеден аударылды.-Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық мәселелерінің бірі 12 жылдық моделінекөшу болып табылады. Жоба бойынша 2015-2016 оқу жылында 1,5,11 сыныптар көшіп, 2019-2020 жылдары барлық сыныптар 12 жылдық білімге ауысып, аяқталады. 2015жылы Абай атындағы «Мектеп балабақша» кешені 12 жылдық білім беру моделіне көшуге байланысты пилоттық жобаға енгізілді. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі «Е-learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасы іске асыру болып отыр. Жобаның бірінші кезеңі /2011-2015жылдары/ білім беру ұйымдарының 50% Ал екінші кезеңінде /2016-2020жылдары/ білім беру ұйымдарының 90% -ын жүйеге қосу жоспарланған. Ауданымыздың 5 мектебінде Ж.Шайжүнісов атындағы, Көкпекті орта мектебі, Болғанбаев орта мектебі, Самар №1 ом, Самар бастауыш мектептерінде «E-learning» электрондық оқыту бағдарламасы іске асырылуда. 2013-2014 оқу жылында аудан оқушыларының білім сапасы 54% құрады. (750 үздік, 123 оқу екпіндісі). Оқушыларға сапалы білім беру қызметін көрсету бағыты бойынша төменгі мектептердің білім сапасы төмен. Олар: Самар №1орта мектебі 44%, Казнаковка орта мектебі мен Палатцы орта мектебі 44 %. Ұзынбұлақ негізгі мектебі 46%. Заманауи қоғамда жастарды жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру мәселесі өзекті болып табылып тұр. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіби білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. 2014 жылы 24 -28 ақпан аралығында кәсіби бағдар апталығы өткізілді. Самар агро-техникалық колледжі аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстары түрлерін таныстыру мақсатында аудан көлемінде «Біз мамандық таңдаймыз!» атты форум өткізілді. Ел басшысы тапсырмасы бойынша бизнес-ассоциациясы және еңбекпен қамтушылардың қатысуымен техникалық және кәсіби білім беру Ұлттық кеңесі құрылған. ШҚО бойынша Көкпекті ауданының кәсіпкерлер палатасының филиалымен басшысы  Ә.Мұқашева бірге кәсіби бағдарлауды жүйелеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ауданымыздың Болғанбаев атындағы, Ж.Шайжүнісов атындағы, Көкпекті орта мектептерінде «Кәсіби бағдар беру» кабинеттері ашылуда. Сонымен қатар ауданның кәсіпкерлер палатасы мектеп оқушыларының аудандағы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарға саяхаттар ұйымдастыру арқылы олардың жұмысымен жақын танысып, өз еріктерімен таңдау жасауына, іс тәжірибені көруіне жағдай жасауды қолға алды. Сонымен, ауданның 8,9,11 сынып 50 оқушысына Зайсан және Бұқтырма су қоймасынан алып Самар ауылындағы балық шикізаты және балық өнімдерін өңдейтін «Рыбпром» ЖШС(жауапкершілігі шектеулі серіктестік) және «Мәмбет» ШҚ есіктерін ашты. Бүгінгі күні кәсіпорындарда жұмысшы кәсіпкер мамандығы тапшы, сондықтан да жұмысшы мамандықтары жақсы жұмыс алуына үміт бар.Бұл туралы мектеп түлектер де ата-аналар да білуі тиіс деп ойлаймын. Аудандық білім беру бөлімінде «Дарын» орталығы жұмысын жалғастыруда. Аудан оқушыларының дарындылығын анықтау, дамыту және әлеуетін арттыру ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының негізгі міндеті болып табылады. «Дарын» орталығы бағдарламасының орындалуына жергілікті бюджеттен 2013 жылы 4,0 мың теңге бөлініп, игерілді және 2014 жылы 4,2 млн.теңге бөлінді, 2013-2014 оқу жылында әр пәндер бойынша республикалық қашықтықтық олимпиадаларға 832 оқушы қатысқан. Жаңашыл мұғалімдердің жетістіктері (6 педагог) «Мұғалімдік даңқ кітабына» Г.Қангұлова, Д.Қасымжанов, Г.Штукерт, А.Сычев, Хасенова Г.Сеңгірбаева енгізілді. ҰБТ дайындық жұмысы әлі де тың тақырып болып қалып отыр. 11-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер үшін ҰБТ дайындау бойынша 35 мұғалім шеберлік-класын және презентациялар көрсету арқылы іс-тәжірибелерімен алмасты. Әуезов атындағы ом жас педагогы география пәнінің мұғалімі-Б.Байгереев облыстық «Менің бейне сабағым» атты сырттай сайысқа қатыса отырып, бас жүлдені иемденді. Оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Г.Киздикпаева облыстық «Шағын комплектілі мектептің үздік моделі» сайысына қатысып, 2-орынды жеңіп алды. Болғанбаев атындағы ом математика пәнінің мұғалімі Т. Абишева облыстық сайыста ең үздік вариативтік бағдарламасы үшін 1-орынға ие болды. Үлкенбөкен «мектеп балабақша» кешенінің мектеп директоры А. Егеубаева, Самар №1 мектеп директоры В.Кутателадзе, Көкжайық ОМ директоры С. Нұқышева және ҰБТ пунктінің директоры Д.Ибраймова Москва қаласында өткен жалпы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған Жалпыресейлік конференция жұмысына қатысып, сертификаттармен марапатталды. «Құрмет» орденінің кавалері, академик, ҚР еңбегі сіңген мұғалімі, Қ. Бітібаеваның педагогикалық еңбек қызметіне 45 жыл толуы мерекесіне орай ұйымдастырылғын халықаралық «Жаңару жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзектілігі» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда Көкпекті ауданы ұлттық бірыңғай тестілеу пунктының директоры  Д.К. Ибраимоваға Қ. Бітібаеваның зертханасында зерттеу жұмысы үшін ЮНЕСКО халықаралық ассоциациясының мақтау қағазы табысталды. Ауданда орналасқан 41 мектеп бойынша әртүрлі бағыттағы 375 үйірме және 136 спорт секциялары жұмыс жүргізеді оларға 2559 оқушы тартылған Әр түрлі спорттық сайыстар бойынша республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан оқушылар жүлделі орындар алды. Оқушыларды спорттық іс шараларға қатыстыру мақсатында биыл білім беру бөліміне 5,7 млн. тенге қаражатқа автобус сатып алынды. Аудан бойынша 1-10сыныптарда 3973 оқушының  3933 (40инвалид) оқушысы барлық жазғы сауықтырумен, еңбекпен қамтылды, бұл жалпы оқушылар санының 99% құрайды. 4 ауысымда 10 күннен оқушылардың демалуы ұйымдастырылды, бала саны 2440. Аудан бойынша 5 (3) ауыл сыртындағы лагерьлер жұмыс істеді. «Білекке сенген заманда есемізді бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік!» -дегендей құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен  қарай отырып, болашақ үшін аянбай еңбек етейік, сауатты да салауатты  азаматтарды тәрбиелейік. Жаңа оқу жылын жаңа бастамалармен бастайық! Құрметті ұстаздар!Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын да, абыройлы істеріңіз ілгері баса берсін дей келе, Сіздерге шығармашылық шабыт пен мықты денсаулық тілеймін.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз