Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Мектепте оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар деп аталатын санаттарды қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосуда. Жеке тұлғаны жан-жақты психологиялық-педагогикалық іс-әрекетпен қызықтыра отырып, танымдық қабілетін дамытуға болады.
Осы орайда аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Шай-жүнісов атындағы орта мектепте «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында аудан психологтарының арасында семинар болып өтті.
Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Назарханова ашып, педагог-психологтарға бүгінгі бас қосу ерекше екенін айта келіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Айтулы семинарға аудан мектептерінің барлық педагог-психологтары түгел жиналды. Аталмыш семинардың алғашқы кіріспесі Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің психологы Құндыз. Дюсембаеваның «Өмір – шексіз керуен» атты тренингімен басталды.


Ал, аталмыш мектептің педагог-психологы Ә.Сабирова 7 сынып оқушыларымен «Күлімде, өмір ғажап» атты ашық сабақ өткізіп, өзінің іс-тәжірибесін ортаға салды.
Сондай-ақ, семинарға арнайы шақырылған қонақтар Көкпекті аудандық орталық мешітінің имамы К.Ахметқалиев, аудандық аурухананың психологі К.Сарманова және мектеп инспекторы Е.Нұрғалиевтің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің психологі Қ.Дюсембаева «Суицид – ғасыр дерті» тақырыбында презентация көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары бойынша қатысушылар өз ойларын ортаға салды, шақырылған мамандарға сұрақтарын қойды.
Семинар соңы психологтардың ой бөлісуімен аяқталды. Семинарды қорытындылаған аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Г.Назарханова жиналған психолог мамандарға алғысын білдіріп, психологтардың семинары өз деңгейінде өткендігін жеткізді

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз