Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешіп келе жатқанымызға биыл 25 жыл. Еліміздің ұлықты да, қастерлі мерекесі Тәуелсіздік күні барлық аймақтарда кеңінен аталып өтті. Осындай айтулы мерекелік кеш Көкпекті ауылындағы «Балерке» балабақша тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты ертеңгілікпен жалғасын тапты. Ертеңгіліктің мақсаты, туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеп, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға баулу болды.


Балабақша іші мерекеге сай безендіріліп, әр ұлттың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер көздің жауын алады. Олар қолдарындағы жалаушаларын көкке көтеріп, патриоттық сезіммен «Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен ертеңгілікті бастап кетті. Ертеңгілік балабақшадағы «Күншуақ», «Жұлдыз», «Айшуақ» топтарының бүлдіршіндері және тәрбиешілері Е.Оспанова, А.Мұқашева, Н.Көпесова, Ж.Төлеуова, Д.Акабаева, Ж.Бураханова және әдіскер А.Жұмажанованың ұйымдастыруымен өтті. Бұл шарада олар Тәуелсіздік туралы өлең жырларын, әндерін оқыса, тәрбиеші апайлары ертегі кейіпкерлері Алдар Көсе, Шығайбай байдың рөлдерін сомдады. Сонымен қатар, бүлдіршіндер сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін, шапшаңдықтарын «Қыз қуу», «Асық» ойындарында көрсете білді. Шара соңында «Балерке» балабақшасының меңгерушісі Айнұр Назарханова құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік лебізін білдірді:
- Бүгінгі таңда әрбір қазақстандыққа қол жеткізген табыстарды еселендіріп, еліміздің дамуын қамтамасыз ету мақсаты қойылды. Тәуелсіздік тойы қарсаңындағы 25 жұлдызды күн аясында біздің «Балерке» балабақшасы топтарда танымдық сабақтарын жүргізіп, сурет, қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Бүгінгі ертеңгілік осы мерекеге арналған айлық жоспардың қорытындысы. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, орасан зор жетістіктер тілеймін. Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз