Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында «Көкжайық орта мектебінде «Жеті мо-дульдің сабақтағы ықпалдастығы» тақырыбында сертификатталмаған мұ-ғалімдердің деңгейлік курс бойынша тәжірибелік семинары өтті. Аталмыш семинардың мақсаты, мұғалімдерді желілік қауымдастыққа тарту, тәжір-ибе алмасу, білім мазмұнының жаңар-тылған жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігін көтеру болды.
Аудандық семинарға аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.Садуақасова, деңгейлік курс бойынша әдіскер А.Байсақалова, мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, аудандық мектеп тренерлері мен деңгейлік курсты тәмамдаған мұғалімдер қатысты.


Көкжайық орта мектебінің ұжымы семинарды өте жоғары деңгейде ұйымдастырған. Семинар барысында деңгейлік курстың 7 модулін қолдана отырып, ашық сабақтар мен тренингтер, шеберлік сыныптары мен коучингтер өткізілді. Бұл семинардың ерекшелігі жеті модульдің сабақ барысына енгізілуін сертификатталған мұғалімдер емес, олар тәлімгерлік жасап отырған ұстаздар көрсете білді. Бірінші деңгей бойынша мектеп көшбасшылары (С.Нұқышева, А.Баямбаева, Е.Нұрлан, А.Жақашбаева) коучинг, менторинг ісін өте жақсы жүргізе отырып, нәтижесін аудандық семинарда ұтымды көрсетті (әрбір менти-мұғалімге деңгейлік курстан тәжірибелі тәлімгер-менторлар бекітілген). Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жас маман А.Әзімбаева 5 «ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мақал-мәтелдер» тақырыбында және биология пәні мұғалімі, жас маман А.Айкенова 9 «ә» сыныбында «Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы» тақырыбында өте қызықты, тыңғылықты дайындалған ашық сабақтар ұсынды. Жас мұғалімдер теориялық жағынан өте жоғары білімдерін көрсете отырып, жаңа әдіс-тәселдерді меңгергендіктерін байқатты. Жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында жүргізіліп отырған жоспарлы жұмыстар мен кәсіби шеберліктер мектептің материалдық базасымен жарақтандырыла отырып, білікті басшылықпен, деңгейлік курстан өткен кәсіби тәлімгерлермен қадағаланады, бірақ, ең негізгі фактор жас маманның өзіндік талпынысы мен ынтасы.
Семинардың екінші бөлімі Т.Забунова «Диалогтық оқыту» мен Д.Оспановтың «Жаңа модульдің жеті кереметі» тақырыбындағы коучингтерге арналды. Тапсырмалар орындау барысында ұстаздар жаңа тәсілдерді сабақта қолданудың маңыздылығын ұғып, сабақта тиімді пайдалану жолдарымен танысты. Коучингтер барысында қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған, алдағы іс-әрекетте белсенділікке шақыруға арналған қызықты тапсырмалар орын алды. Коучинг қызығушылығы ортақ мұғалімдерді, тәжірибесіне қарамастан, бір ортақ арнаға табыстырды. Коучингтерді сертификатталмаған мұғалімдердер тәлімгерлерінің көмегіне сүйе-не отырып өткізді. Олар деңгейлік курс бағдар-ламаларын өздерінің кәсіби қызметтерін жетілдіру мақсатында тиімді қолдану үстінде.
Сонымен қатар, семинар барысында тренер А.Баямбаеваның ұйымдастыруымен «Прак-тикадағы рефлексия» тақырыбында коучингтік тренинг өткізілді. Тренингте қатысушылар тайм-менеджменттің құпиялары мен білім беру жүйе-сіндегі жаңа және өзекті әдіс-тәсілдермен танысты.
Семинарды қорытындылаған мектеп дирек-торының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары А.Баямбаева мен әдіскер А.Байсақалова тал-қылау жүргізіп, шешімге келді. Талқылау барысында қатысушылар өз пікірлерін, тілектерін білдірді. Қатысушылар бірауыздан оқушылардың білімі мен тәрбиесін, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында білім берудің интерактивті тәсілдеріне көшу керек деген шешімге келді.
Көкжайық орта мектебі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз