Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», - дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.


Аталмыш мамандықты таңдаған жас ұстаздар саны ауданымызда жыл сайын артып, 107 ге жетті. Көкпекті ауданында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясындағы жұлдызды күндердің бірі жас педагогтарға арналды. Көкпекті аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Көкпекті және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептерде «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» тақырыбында ауданның барлық мектептерінде қызмет ететін 1-5 жыл аралығында еңбек өтілі бар мамандарға арналған семинар болып өтті. 2 бөлімді қамтыған жиынның алғашқысы Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептерінде ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, коучингтер мен шеберлік сыныптарды қамтыды. Жас ұстаздарға тәжірибе жинақтау, алмасу мақсатында ұсынылған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушы жастар еңбек жолына қажетті құндылықтармен сусындағаны анық..
Семинардың екінші бөлімінде Көкпекті орта мектебінде «Білім мазмұнын жақсарту – бүгінгі күннің басты міндеті» тақырыбындағы педагогикалық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Көкпекті және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептерде білім беріп жүрген тәжірибелі ұстаздардың әдістемелік өнімдері, портфолиолары, жұмыс жүйелері, тақырыптық жұмыс жоспарлары мен үздік сабақ жоспарлары және мектеп оқушыларының үздік оқу дәптерлері мен күнделіктері ұсынылды. Сонымен қатар, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған оқушылардың қолөнер бұйымдары да көрмеден орын алды.
Жиында Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаев қатысушыларды аудан әкімінің атынан құттықтап, білім беру саласының үздіктерін, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мамандарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, 11 жас ұстазға аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының мадақтамалары табысталды. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қабайұлы жас ұстаздарға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ел болашағы үшін талмай еңбек етуге шақырды. Сонымен бірге, Тәжік және ауған шекарасындағы әскери қозғалыс ардагерлерінің республикалық ұйымы атынан АӘД пәні мұғалімдері мен әскери-патриоттық клуб жетек-шілеріне аудандық білім беру бөлімі басшысы Ш.Мұс-тафинова мерейтойлық медальдар табыстады.
Сөз соңында білім ордаларының басты тұлғасы- мұғалім деген атақты алып жүру, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік дегіміз келеді. Себебі, ұстаз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, жас ұстаздар!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз