Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжайық орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне ор-ай мектебіміздің озат, үздік, үлгілі оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Туы енгізіліп, мем-лекеттік Әнұран орындалды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұй-ымына 12 жасұландықтар қа-былданып, галстук пен төс-белгілерді мектеп әкімшілігі мен озат оқушылар табыс етті.


Мектеп директоры С.Нукушева және тарих пәнінің мұғалімі А.Алина, мектеп кітапханашысы Г.Ясикова жасұландықтарды, мектеп оқушыларын бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, «Менің - Елбасым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқушылардың арасынан Фатима Жасұлан Ұран мен Антты қабылдауға ортаға шықты. Соңынан жиынға қатысқан мектеп шәкірттері «Жасұлан» әнін хормен орындады.
Тұңғыш Президент күніне байланысты бейне таспа көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған тақпақтар оқып, А.Қадырова мен А.Айтқазының орындауындағы әсем әнді тамашалады.
Жиын соңы оқушылардың орындауындағы «Атамекен» әніне ұласты. Мерекелі күні Ант қабылдаған жасұландықтар ел тізгінін берік ұстайтын, отансүйгіш азаматтар болып шығарына сенім мол.


Ф.Жұмағұлова,
Көкжайық орта мектебінің тәлімгері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз