Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жуырда Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған тамаша бір семинар болып өтті. Оған аудандық Қорғаныс бөлімінің өкілі сержант Д.Әбдікәрімов, білім беру бөлімінің әдіскерлері Н.Қапшықова, А.Нұрмұхамедов және аудан мектептерінің ұстаздары арнайы шақырылды.

«Мемлекеттіліктің егемендігі - шекара» тақырыбындағы бұл басқосудың шымылдығы осы мектептегі М.Қалматаев атындағы әскери-спорттық клубқа 9 сынып оқушыларын салтанатты ант қабылдау рәсімімен ашылды. Болашақ сарбаздардың әр іс-қимылдарынан олардың Отан қорғауға дайын екенін аңғардық. Клуб мүшелерінің әскери жаттығулары көрермен көзайымына айналды. 

 

Сонымен қатар, мектеп ұстаздары Н.Орынбеков, Г.Жұмақаноава, Б.Рахимбекова, С.Қасымова, С.Апсадықова, Д.Шекербекова шеберлік сынып, сынып сағаттарын, сайыс түрлері мен ауызша журналдар өткізді. Бір сөзбен айтқанда, бұл семинардың келген ұстаздар үшін пайдасы зор болды. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің оқушылары кеш қонақтарының құрметіне әдеби-монтаж, концерттік бағдарлама тарту етті.
Соңынан Көкпекті жастар орталығының бас маманы Ә.Артықбаев семинарға қатысушыларға ризалық сезімін білдіріп, Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағандықовтың атынан мектеп ұстаздары С.Тлебалдина, С.Көпесов, Н.Құнанбаевқа алғыс хаттар табыстады.
Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 күннің бір күні ғана болатын. Осындай маңызды кештер әрі қарай жалғаса береді.
З.Әбижанова, Көкжайық орта мектебі, тарих пәні мұғалімі:
- Мен білім саласында 13 жылдай еңбек етіп келемін. Бүгінгі аудан көлемінде өтіп жатқан семинар көңілімнен шықты. Көп нәрсені үйреніп, ұстаздармен жаңашыл әдісті білдім. Маған, әсіресе, тарих пәнінен «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өткен Н.Орынбековтың шеберлік сыныбы ұнады. Пән мұғалімі Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойымен байланыстыра отырып, оқушының қызығушылығын арттыра білді. Осы сәтті пайдаланып, барлық әріптестерімді келе жатқан ұлық мерекесімен құттықтаймын.
Д.Демесінова, Пребраженка орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі:
- Қазіргі таңда 25 жұлдызды күн аясында түрлі тақырыптарды қамтыған мерекелер өтіп жатыр. Бүгінгі семинарда М.Қалматаев атындағы әскери клуб оқушыларының әскери дайындығы менің көңіліме қуаныш оятты. Олардың әрбір іс-қимыл, жаттығуларынан патриоттық леп байқалып тұрды.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз