Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі күні бүкіл әлем білімді, сапалы әрі сауатты мамандарға мұқтаж. Ғылым мен инновация ғасырында бәсекеге қабілетті болу үшін заманға сай білім алып, оны үнемі жетілдіріп отыру қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел болашағы жастар қолында, жарқын болашақ білімді жастар қолында»- деген сөзі Қазақстанның келешегі жайлы алуан түрлі сұраққа бір ғана нақты жауап.
Ертеңгі күні маман болатын, бүгінгі студенттерді келешек өмірге баулу мақсатында, және де ғылыммен айналысуға деген қызығушылығын арттыру үшін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде барлық қажетті жағдайлар жасалған: дене шынықтыру залдары кестеге сай жұмыс атқаруда, спорттың әр түрі бойынша тегін секциялар ұйымдастырылған, өзге қалалардан және алыс ауылдардан келген барлық студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген, ғылыми жобаларды қолдау мақсатында мол қаржы бөлінуде. Университет өңіріміздегі сапалы білім беретін дәстүрлі Еуропалық үлгідегі бірегей оқу орны. Білім ордасында 6000 жуық студент, магистрант пен докторант білім алуда. Университет ректоры саяси ғылымдарының докторы, профессор Ш.Әмірбековтың бастамасымен көп салалы заманауи зерханалар мен ғылыми орталықтар ашылып, студенттер мен оқытушылар игілігіне жұмыс атқаруда. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының арқасында еліміздің мемлекеттік және ұлттық университеттерінде, сондай-ақ шетелдік белді әрі беделді жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік туып, аталмыш оқу ордаларының зертханалары, кітапханалары мен тәжірибе алаңдарының есігі біздің студенттер үшін айқара ашылды.


Өзім жайлы айтатын болсам, мен 1994 жылы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында дүнеге келдім. Кіндігімнің қаны тамып, балалығымның балғын шағы дәл осы киелі жерде өтті. Мүмкіндік болған сайын кіші Отаныма жиі барып тұрамын. Ауасы, суы, тауы, тасы, жалпы табиғаты мен үшін ыстық. Қазіргі күні Семей қаласында тұрамын, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аграрлық факультетінің «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығының 4 курс студентімін. Мамандығыма сай инновациялық жобамен айналысуды жөн көріп, «Корпансил» полимерлі композициялық құрамының қылқанды ағаш тұқымдарының өсуі мен дамуына тигізетін әсерін зерттеудемін. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін универитет тәжірибе алаңын, атап өткен полимерлі құрамды, ағаш екпелерін және басқада қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Университетке түскен күнен бастап, бүгінге дейін үздік оқып, ғылыми жетекшілерімнің қолдауымен ғылыммен айналысып, студенттік ғылыми конференциялардың жеңімпазы атанып жүрмін. Халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған бірнеше ғылыми мақалалардың авторымын, қоғамдық жұмыстарға араласып, түрлі республикалық сайыстарда оқу орынымның намысын қорғап келемін. Бірнеше рет университет ректорының алғыс хатын алып, ректор тағайындаған сыйақыларға ие болдым. Осы және де басқа жетістіктерімді ескеріп, университет ұжымы мені «Президенттік шәкіртақыға» үміткер етіп ұсынған болатын. Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен бұл жоғарғы мәртебеге лайық деп танылдым. Білімді, еңбекқор, талапты студенттерге біздің университетімізде әр уақытта қолдау табылады. Мен өз елімді, өз университетімді мақтан етемін!

Қаршыға Тұрлыбеков,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультетінің «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығының
4 курс студенті

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз