Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Отаның үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың» дейді халық нақылы. Міне, тәуелсіз еліміз егемендігін алғанына жиырма төрт жыл толды. Ал осы тәуелсіздікті алып берген халқының қалаулы азаматы, алтын Елбасымызға үлкен алғысымды айтар едім. Себебі, біз осындай ғажап адамның арқасында ғана өз елімізде емін-еркін асыр салып, өз тілімізде бұлбұлша сайрап жүрміз. Менің ойымша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының елі, халқының маңдайына біткен Тұңғыш Президент.
Нұрсұлтан атамыз - талантты тұлға, өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Бар өмірін еліне, жеріне, жұртына сарп еткен алаш баласын жақсы көрмейтін адам жоқ. Біз Елбасымызды сүйеміз, еліне деген ыстық махаббатын бағалаймыз.
Әуелі Алла, содан кейін Елбасыма алғысым шексіз. Меніңше осындай ғажап адам болмаса, мен бұлай мектепте тегін білім алар ма едім!? Әрине, жоқ. Мен өз Елбасымды мақтан тұтамын, себебі осындай дара тұлғамыздың арқасында ғана бейбітшілікте өмір сүріп, нұрлы күнді көріп жүрмін.
Біздің Елбасымыз - ел ағасы, жүз отыздан астам ұлт өкілін мейірімге толған құшағына сыйдырып, татулық пен бірлікте ұстауда, елімізді елу елдің қатарына қосып, жастарға көңіл бөлуде.
«Арыстандай айбатты ,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,


Мен жастарға сенемін», - деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтып кеткен өсиетін ел ағасы жалғастыруда, еліміздің жастарына сенім артып, "Болашақ" бағдарламасымен шетелдерден сапалы білім алуға көмектесуде. Жыл сайын халыққа кезекті Жолдауын жолдап, елімізді көркейтіп, Астанамызды гүлдендіруде. Осындай парасатты ел адамының арқасында елімізде халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу жоспарда тұр. Бұл көрме арқылы Қазақстан Республикасын бүкіл әлем танитын болады. Қазақ халқының осындай биіктерден көрініп, бірлікте, татулықта отыруы Елбасымыздың алға қойған мақсаты болып табылады.
Әдемі Мұратова,
9 сынып оқушысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз