Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылындағы екі орта және бір бастауыш мектеп пен бір балабақшаның жаңа оқу жылына даярлығы бойынша мекеме басшыларымен кездесу өткізіп, бүгінгі қалыптасып отырған ахуалды көзімізбен көріп қайттық.
№1 Самар орта мектебінде жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Мектептің даяр болуы туралы баспасөз бетінде жарияланған болатын. Жұмыс күннен күнге қыза түсуде. Құрылысшылар мектепті жөндеу жұмысын бір-екі күнде аяқтайды, айналасын тазалау жұмыстары да қоса атқарылып жатыр. Мектеп ұжымы ішіндегі тазалау жұмыстарына белсене қатысуда

 
Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте ағымдық жөндеу жұмысы аяқталған. «Біздің бүгінгі басты проблемамыз – су мәселесі», - дейді мектеп директоры Ж.Бақыраева. – Былтыр жөндеу жұмысы жүргізілгенде су құбырын жөндеу сметаға кірмей, кейінге қалдырылған болатын. Енді қазір ауылдық округ әкімшілігі, «Самар» КМК ШЖҚ, аудандық білім беру бөлімі ол жайында хабардар. Биыл екінші жыл осы мәселе үшін СЭС мектептің даярлығы бойынша актіге қол қоймай отыр. Су таңертең 1-2 сағат ағады да, күні бойы жоқ болады. Балалар қолын жуып, су ішулері керек, сондықтан да санитарлық-гигиеналық жағынан тазалық сақтауға қауіп төнуде», - деп жалғастырды сөзін Жанат Тоқтарқызы.
Мектеп электр қуатымен жылытылады. Жылыту жүйесі тексеріліп, дайын тұр. Ең басты тақырып - оқулықпен қамтамасыз ету. - Бірінші сыныпқа келетін оуқшылар кітаппен толықтай қамтамасыз етіледі. Ал, төртінші сыныптан бастап жаңа кітаптарды аудандық білім беру бөлімі бөліп отыр. Бұл арада негізгі оқулықтар туралы айтылып отыр. Аз қамтылған отбасының балаларынан басқалары пәндер бойынша қажетті қосымша құралдарды, мысалы хрестоматия сияқты, өздері сатып алады, - деді мектеп директоры.
«Мектепке жол» акциясына мұғалімдердің өздерінен бастап, жекелеген кәсіпкерлер де көмек беруде. Қазіргі күні кәсіпкерлер тарапынан 12 555 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді. Көмек қолын созғандар – Б.Сембинова, К.Оразаметова, Б.Смағұлова. Көмекке мұқтаждардың тізімінде 10 бала бар. Оның ішінде 5 бала қамқорлыққа алынғандар. Сонымен бірге, «Жалпыға білім беру» қоры арқылы да көмек көрсетілетін болады», - дейді Жанат Тоқтарқызы.
Мектеп ҰБТ қорытындысы бойынша аудан мектептері арасында алдыңғы қатарлар санатында. Мектепті аяқтаған 16 түлектің төртеуі білім грантына ие болған, оның ішінде біреуі «Алтын белгі» иегері. Биылғы оқу жылына 16 оқушы 11 сыныпқа келеді, екі оқушы «Алтын белгіге» үміткер. ҰБТ-ға дайындық жұмысы оқу жылының басынан басталады. Бірінші сыныпқа 43, мектепалды даярлық тобына 40 бала келеді деген болжам жасалып отыр. Шағын орталықта 20 бала болады. Мектеп кадрлық құрамы жас мамандармен толыққан.
Самар бастауыш мектебінде биыл 185 оқушы мектеп партасына отырады. Мектеп оқу жылының басталуына толық даяр дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Марковская. Мектептегі 27 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. «Мектепке жол» акциясына «Қазпочта» АҚ филиалы үн қосып, бір сөмке және кеңсе тауарларын әкелді. Мектеп мұғалімдері де өз қаражаттарын қосып, барлық мұқтаж оқушыларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге атсалысуда.
Барлығы 115 мың теңгеге жөндеу жұмысы жүргізілген, оның ішінде ата-аналар 21000 теңгеге демеушілік жасады. Бірінші сыныпқа 33 бала келеді. Кадр мәселесі шешілген. От жағу маусымына даярлық та толықтай, сұйық отын қоры желтоқсан айына жететіндей жинақталған.
Самар ауылындағы бірден-бір және үл-гілі «Дәншік» балабақшасында 245 бала тәрбиеленеді. Тәрбие ошағының биылғы басты жаңалығы қосымша екі топ ашылмақшы. Бұл топ мектепалды даярлық топтары. Қазақ тілді топқа 23, орыс тіліндегі топқа 18 бала жазылды. Бұл білім беру мекемелері арасында бәсекелестікті тудырып отыр. Ол, әрине, дұрыс. Ата-ана өзінің баласы үшін ең тиімді жағын таңдайды. Білім беру сапасы осыған қарап көтерілетін болады. Сондай-ақ, білім беру мәселесіне жаңаша көзқарас тудырып, ата-ана мен оқушының таңдау құқын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Жаңа топтарға қажетті мамандар бар. Олардың барлығы да жоғары білімді. Бастауыш сыныпта сабақ берген тәжірибелі мұғалімдер, бірнеше жыл осы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері бірінші сыныпқа баруға дайын болып шығады. Сабақ «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл топтың мектептегі топтан айырмашылығы – бала түстен кейін де балабақшада қала алады. Түстен кейін оларға варьетивтік сабақтар жүреді. Ата-ана алаңсыз, кешке жұмыстан кейін баласын алып кете алады. Ақысы балабақша топтарымен бірдей. Бұл жайында балабақшаның әдіскері Қалима Дүсіпова айтып берді.
Жалпы балабақша 11 топты қарсы алуға толық даяр. Ішкі ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жазда балабақшада кезекші екі топ ашық болды. Екі аптаға ғана үзіліс жасалды. Ұжым мамандармен толық қамтамасыз етілген. Барлығы да білім жетілдіру курстарына барып тұрады, шеттерінен өнерлі, ізденгіш жастар. Ауыл, аудан көлемінде ұйымдастырылатын шаралардан тыс қалмайды. Ылғи да белсенділік танытады. Аудан бойынша өтетін мәдени-танымдық, ойын–сауық шаралардан ылғи ұжым да, тәрбиеленушілері де жүлдегер атанған, облыс аумағына да шығып, оқушылар үздік білім танытады. Жыл бойы семинар-сабақтар өткізеді. Мем-лекеттік тілдегі топтарда өзге ұлттардың балалары тәрбие алуы бойынша да үлгі көрсете алады. Былтыр балабақша облыс бойынша «Үздік аула» номинациясын жеңіп алған.
Қандай ата-ана болсын өзінің өмірге келген баласының тәрбиесіне, білім алуына жете көңіл бөлетіні сөзсіз. Бала - болашағымыз. Ертеңгі күні терер жемісіміз - берген тәрбиеміз бен алған біліміне байланысты. Балғындардың алаңсыз оқуы үшін білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы қапысыз болуы тиіс.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз