Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылдарды абаттандыру және тиісті санитарлық жағдай жасау, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі болып табылады.  Соңғы уақытта әрбір ауыл тұрғынының демалуына, спортпен шұғылдануына, халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау үшін көңіл бөлінуде. Бұған бір дәлел ағымдағы жылдың 21 тамызында Құлынжон ауылдық округінің Көкжыра ауылында футбол және балалар ойын алаңының ашылуы өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.К.Теміржанов, "Әшім С" ЖШС құрылыс фирмасының мердігері - директоры Т.А.Сағатов, қоғам өкілдері, ақсақалдар кеңесі мен әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты. Айтулы іс-шарадан барлық ауыл тұрғындары қағыс қалмады.

Ашылу салтанаты әжелеріміздің ақ шашуымен басталып, мектеп оқушылары күмбірлете орындаған күй үнімен жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары М.К.Теміржанов, "Азат" ШҚ басшысы М.Желдібаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Назира Көкашпаева құттықтау сөз сөйледі.
Лента қию мәртебесі Амангелді колхозындағы мал шаруашылығы фермаларында 38 жылдан астам еңбек етіп, ауылдастарының алдында зор құрметке ие Көкжыра ауылының көпбалалы аналары Сәкенова Нақызада, Сембинова Бағдатқа табыс етілді.
Осы күні көкжыралықтар үшін тағы бір көптен күткен оқиға болды - Самар-Көкпекті негізгі жол магистралынан ауылға баратын ұзындығы 3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды. Жол құрылысына бюджеттен 7, 200 000 теңге бөлінді.
Бұл күні қуаныш үстіне қуаныш қосылып, жақын арада Құлынжон ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілетіні тілге тиек етілді. Онда су құбыры желілерін орнату бойынша іс-шаралар толық жүзеге асырылды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз