Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын аудан орталығы Көкпекті ауылы көркейіп келеді, оған бәріміз де қуанамыз. Ауылға әдемі сыртқы келбет беру - күрделі міндет. Осы міндеттің үддесінен шығып жатқан ауыл округ әкімі Қайрат Алғазинов пен аудан әкімі Асхат Смаиловтың алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындауы арқасында Абылайхан даңғылы адам танығысыз өзгеріп қаладағыдай құлпырып тұр. Негізгі көшелерде тәртіп көрініс тапса, абаттандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп жатыр. 

 

Жөндеу және абаттандыру жұмыстарына көрші ауылдық округтер Теректі мен Үлкенбөкеннен де келіп көмектесіп жатқандар бар. Оларды бастап келген Қайрат Ахметқалиев пен Нұрлан Назарханов өздері де бел шешіп кірісіп, тратуардың қақпатастарын қаласуда. Қазпошта мекемесі бөлімшесінің қасындағы соқпақты салып жатқан аудандағы ауылдық округ әкімдерінің ақсақалы Нұрлан Үмітқазыұлы: «Абаттандыру деген ұлы майдан жүріп жатқанда сарбаздар шет қала ма?! Мемлекеттік қызметтің алғы шептегі жауынгері ретінде аудан орталығын гүлдендіруге келіп, қолдан келген көмегімізді жасап жатырмыз. Жайнасын көркем, Көкпектім!», - деді ақын әкім сөз аяғын ұйқастыра. Ауылдарды жаңғырту мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейтін аудан әкімі Асхат Смаилов тапсырмасы бойынша ауылдарды жаңғыртуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражат тарту, сондай-ақ туған ауылдарын көркейту бойынша меценаттармен жұмыс жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына және биылғы 27 ақпандағы "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асырылуда. Жоба аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда, жайлы тіршілік ортасын түзу мақсатында Көкпекті, Самар ауылдарында, ауданның барлық ауылдарында абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын оның бел ортасында жүргендер көздерімен көріп, бірге атсалысуда.
«Ауылды абаттандыру- ортақ іс, біз де келіп көмектесіп жатқанымыз аудан орталығы Көкпекті ауылының статусына сай, заманауи болғаны әрбір аудан тұрғыны үшін мақтаныш емес пе?!», - деді әріптес інісі Қайрат Айпқазыұлы тақта тасты көтеріп жатып. Елді бірлікке ұйытып тамаша тірлік жасатып жатқан әкімдердің қасынан өткен халық сүйсіне қарап, алғыстарын жаудыруда.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз