Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қасиетті Рамазан айы тек ораза ұстаумен шектелмейді. Бұл айда рухани тазару, айналаға рақымшылықпен қарау да сауап болмақ. Сондай игілікті істі Шығыс Қазақстан діни басқармасы да атқарып отыр. Биыл Көкпекті ауданының бірнеше елді мекенінде, атап айтқанда Көкпекті, Бастаушы, Көкжыра, Ақой, Үлкенбөкен, Тассай, Үлгілімалшы, Көкжайық және Самар ауылдарындағы мешіттерде балалар мен ересектерге арналған тілашар сабақтары өтуде.


Самар ауылындағы мешітте жиырмаға жуық бала ұстаздары Серік Керуеновтан білім алуда. Марқакөл өңірінің тумасы Серіктің наиб имам дипломы бар. Имамдардың білімін жетілдіру институтын тәмәмдап, үшінші дәрежелі куәлік алған. «Біздің діни басқармада 2020 жылға дейінге арналған бағдарлама жасалған. Сол бағдарлама негізінде жазғы каникул уақытында және жылдың қай мезгілінде болмасын балаларға, ересектерге діни сауат ашу сабағын өткізуді қолға алған», - дейді Серік имам.
Балалар мұнда тек діни сауаттарын ашып қоймай, бір уақыт бой сергітуге шығады, мешіт имамы Бекболат қажы оларға балмұздақ алып береді екен. «Біз қазір араб тіліндегі әліпбиді жаттап болдық. Енді сүрелерді, аяттарды өзіміз оқып жаттайтын боламыз»,-дейді шәкірттер. Мешітте бұрыннан бері сауаттарын ашып, Құран Кәрімді жатқа айтатын балалар ауданда ұйымдастырылатын қарилар жарысына дайындалып жүр.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз