Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Самар ауылдық округінде мыңнан аса зейнеткер тұрады. Олардың үшеуі Ұлы Отан соғысының ардагері, 179 адам тыл ардагері, 8 - ауғандық жауынгер, Чернобыль апатын жоюға қатысушы 5 адам.
2015 жылы ауылдық округ ардагерлер ке-ңесі жыл бойғы жоспар негізінде жұмаыс ат-қарып, биылғы мерейтойлы жылдағы барлық шараларда белсенділік танытты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20, Қазақ хандығының 550, Конституцияның 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараларға белсене қатысты.

Ардагерлер кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ауылдағы мектептерге жиі қонақта болады. Олармен диспуттар, кездесу кештерін жүргізіп, қайырымдылық акцияларына атсалысады.
Бұл жайында ардагерлер кеңесінің төрайымы М.Балажанова баяндады. Баяндаманы тың-дап, талқылауға окргутің басқа да қоғамдық ұйымдарының жетекшілері, зейнеткерлер қа-тысты. Ардагерлер кеңесінің есеп беру - сайлау жиналысының жұмысына аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова, ауылдық округ әкімі С.Дүсіпов, ардагерлердің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова қатысып отырды. Баяндамада аудандық, округтің әкімшіліктері тарапынан ардагерлерге көңіл бөлініп отыратынын, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне айрықша қамқорлық танытатынын жеткізді. Ауылда жұмыс істеп тұрған мекеме – ұжымдар, шаруа қожалықтары да өздерінің зейнеткерлеріне көңіл бөліп, жыл сайын өтетін Қарттар күні мерекесімен құттықтап отырады. Ал ұжымдары тарап кеткен зейнеткерлер әкімшілік тарапынан назарға алынған. Олардың қатары жыл сайын сиреп барады, сондықтан да тізімге мұқият болса деген пікірлер айтылды. «Қалисатарұлы» шаруа қожалығында С.Жотабаевтың бұрынғы әріптестерін Қарттар күнімен құттықтауға байланысты қалыптасқан жақсы дәстүр де аталып өтті.
Ауылдық округ әкімшілігінің жұмысында Ардагерлер ұйымының атқарар орны бөлек. Ақса-қалдар мен ақ жаулықты аналар өмірдің небір түйткілді мәселелерін шешуде таптырмас ақылшы болып табылады. Сондықтан да бүгінгі жиында олардың тарапына айтылған алғыс та аз болған жоқ. Жиын барысында сөз алған зейнеткерлер З.Көктаев, Л.Клейн, А.Садықов және басқалары ардагерлер кеңесінің жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалай отырып, кеңес жұмысын одан әрі жандандыра түсу қажет деп атап өтті. Ардагерлер бөлмесін ашу ұсынылды. Ауылда «Асыл қазына» әжелер клубы жұмыс істейді, болашақта аталарға арналған клуб ашу жоспарланған.
Жиналыста ауылдық округ ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын және кеңес құрамын сайлады. Кеңес төрағасы болып, зейнеткер, тәжірибесі мол Айдархан Фазылғаламұлы Садықов сайланды.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз