Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстандықтар үшін спорттың түр-түрі дамып, кең етек жаюымен ерекшеленді. Бүкіл еліміз бойынша спорт алаңдары, үлкен-үлкен стадиондар салынып халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. Жазғы спорттық ойындардың әр түрінен  аудан көлемінде өтетін жарыстарға  Үлкенбөкен ауылының спортшылары қызу дайындық үстінде. Жақында волейболдан ерлер мен қыздар арасында  өткен іріктеу кездесуі өтті. Оған Шұғылбай, Теректі, Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтерінің командалары қатысып бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде Үлкенбөкен ауылдық округінің командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Қазіргі кезде футболдан тамыз айында  өтетін зоналық ойындарға дайындық жалғасуда. Сонымен қатар, жеңіл атлетика, гір көтеру, тоғыз құмалақ, теннистен жаттықтыру ойындары өткізіліп жатыр. Үлкенбөкен ауылдық округінің намысын қорғап жүрген спортшыларға сәттілік тілейміз.

К.Баймолдина, Үлкенбөкен ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз