Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының 88-қадамында: «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі  ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады»,- деп жазылған.

Біздің ауданда осы талаптарға сай келетін нағыз еңбек адамдары көптеп саналады. Солардың бірі  - Самар ауылының тұрғыны Марфуға Қалкешқызы Закриянова. Марфуға мектепті аяқтаған соң таңдаған  мамандығы бойынша оқуға түсті. Бірақ медицина оның қолы емес екен, ол алғашқы практикалық сабақтарда-ақ белгілі болды. Тетелес апайы екеуі бірге түскен Лениногор медицина училищесімен осылайша қоштасуға тура келеді. Бірақ үйге қайтып кетпей, осы қаладағы тігіншілер дайындайтын ТУ-16 кәсіптік мектебіне құжатын тапсырды. Оқуын аяқтаған соң Өскемен жібек маталар комбинатына жұмысқа орналасып, кейін тұрмысқа шыққан соң Самар Тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында жұмыс істей бастады. Нарықтық заман туғанда бұл ірі кәсіпорын жабылып, «көппен көрген ұлы той» демекші ол да жұмысссыздар қатарына қосылды. Содан бері бір айлық босаған орын болса да орналасып жұмыс істей берді. Үйде тапсырыс алып іс те тігеді. Балалардың жөргегі, киімдері жоқ болған кезде талай балаға иткөйлек те тікті.

 

- Менің бағым «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы іске қосылғанда ашылды, - дейді Марфуға. - Ең алдымен кәсіптік мектепте ашылған омарташылар  курсын оқыдым. Компьютерлік курсты да тәмамдадым. Сөйтіп жүргенде өз кәсібін ашуға несие беріледі дегенді естідім де, ауылдық округ әкімшілігі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне арызымды апардым. Жедел түрде бизнес жоба жасап, 500 мың теңге 6 пайыздық несие қолыма тиді. Содан кейін осы іс тігу шеберханасын аштым. Үш іс тігетін, бір шетін көмкеретін машинка сатып алдым. Сонымен бірге сұранысқа қарай маталар алдым. «Самар» КМК ШЖҚ ғимаратынан бір бөлме жалға алып отырмын. Жалақсы жоғары емес. Кәсіпорын басшысына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын.

Еңбексіз қол қусырып қарап отырмайтын адам әйтеуір түбінде өзінің алға қойған мақсатына жетеді. Қазіргі күні ауылда өз беттерімен іс тігумен айналысатын бірнеше орын бар. Бәсекелестік жоғары. Бірақ оған мойып отырған Марфуға жоқ. Оның өзінің тұрақты тұтынушылары қалыптасып қалған. Оның үстіне мұндағы тапсырыс орындау бағасы арзан.

- Мен жеке кәсіпкерлік ашқаныммен, мемлекеттің қаржысына жұмыс істеп отырмын. Менің бизнес жоспарымда баға кестесі бектілген, одан артық алмаймын. Үш айда бір рет несиенің пайызын төлеп отырмын, келесі жылдан бастап, бес жылдың ішінде толық қаржыны төлеуге кірісемін, - дейді кәсіпкер. – Мен үшін ең басты мәселе - киім пішушінің жоғы. Ол мамандық бойынша ауылда бары саусақпен санарлықтай екен, олардың өзі зейнеткерлер. Ал менің қасыма жұмысқа тұрғысы келетін адам тағы да табылмай отыр. Өйткені, олар еңбекақыны азсынады. Алдымен жұмысқа тұрып, содан кейін еңбек өнімділігін арттырсақ, жалақымыз неге өспеске, бірақ оны түсінетіндер жоқ. Мамандығы бойынша әйелдер мен балалардың жеңіл киімін тігетін тігінші болғандықтан, Марфуға Қалкешқызы нәрестелердің жөргектерін, ауруханадан шығарып аларда орайтын сәнді ора-уыштар, көрпе тігуді бастаған. Сонымен бірге ұлттық ою-өрнек салып диван, кресло, орындық  жапқыштарын, қыз жасауына қажетті бұйымдарды тігуді де мақсат тұтады. Алда жоспар көп, оны орындау да оңай емес дейді ол. «Бірде машинкалар жүрмей қалып, ыза болып, ұнжырғам түсіп кетті. «Болды, жабамын», - деп жиналып жатқанда ауылдық округтің әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Степанова келіп қалды. Ол мені тыншытандырып, дүкеннен барып машинкаларға қажетті инелерді сатып әкеліп, қолдау көрсетті. Қазір де жиі келіп тұрады. Сондай адамдардың бары қандай жақсы», - деп ағынан жарылады ол.

«Ізденген жетер мұратқа» деген. Осындай адамдары бар біздің елімізде кез келген бағдарлама ойдағыдай жүзеге асырылады. Еңбек адамдары тек қана өздерін қамтамасыз етіп қоймай, ауылының, ауданның экономикасының өрлеуіне үлес қосады. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыратын да солар.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз