Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы жаздың аптап ыстығы аудан халқына оңай тиген жоқ. Қыстың қамын ойлаған жұрт тез арада мал азығын әзірлеп алуға кірісіп кетті. Бірі уақытында шөбін шауып үлгерсе, енді бірі қысқы отын-судың қамымен әбігерде. Осы мәселені жіті назарда ұстап отырған редакция ұжымы Көкпекті ауданының қысқа қаншалықты дайын екендіктеріне көз жеткізу мақсатында ауылдық округтердің ақпаратын ұсынады.

ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Шұғылбай ауылдық округі бойынша 2015-2016 жылдың қысына мал азығын дайындау науқаны қарқынды басталып кетті. Техникаларын сайлап алған «Қажымұқан» Ж.Байназаров, «Мадияр-Астық» Т.Ахмадиев, «Самур» З.Оспанов, «Мейірбек» К.Тоқтаров,

«Ержан» К.Айдарханов шаруа қожалықтары шөп шабуды алғашқы болып бастағандардың қатарында.

Биылғы жылы жаз жаңбырлы болып, шөп қалың шықты. Енді, тек оны күзгі жауынға қалдырмай дер кезінде жинап алу міндеті тұр. Шұғылбайдың жері қашаннан шабындығы шүйгін, сулы, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жерлердің бірі. Оның шабындығынан жиналған шөп округтен тыс жерлерге де тасымалданады. Шөп қалың шыққан жылы оның сатылу бағасы да төмендейді. Ол техникасы жоқ ауыл тұрғындарына сатып алуға өте қолайлы. Ауыл азаматтары осындай қауырт науқан кезінде бір-біріне техникаларымен көмектесіп, бірлесіп қыстың қамын жасайды. Бірлі-жарым жалғызбасты тұрғындарға қамқорлық жасау да ұмыт қалмайды. Ұзақ жылдардан қалыптасқан осы дәстүр биыл да өз жалғасын табары сөзсіз.

ҮЛКЕНБӨКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Үлкенбөкен мектебінде қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталды. Округтің бас маманы К.Байтасованың айтуынша, бүгінгі күнде 3 қазандық толық жөндеуден өтіп, жұмысқа да-йын тұр. Мектеп пен Семей қаласындағы «Әлем жолдары» ЖШС арасында қатты отын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалған. Аталмыш ұйым биыл екінші жыл қатарынан мектепке қолжетімді бағамен көмір жеткізуде. Ағымдағы жылғы мектептің көмірге деген қажеттілігі 650 тоннаны құрайды. Жақын арада қатты отын тасып жеткізілетін болады.

Үлкенбөкен ауылының шаруа қожалықтары ауа райының қолайлы сәтін  пайдаланып таңмен таласа, күн ұясына батқанша қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күні шаруашылық еңбеккерлерінің еңбекке деген ынталары зор. Қыстың қамын ойлап, мал азығын молырақ алуды мақсат етуде. Биыл шөп шығымы жақсы, малымыз тоқ, аман–есен қыстан шығады деген ауыл шаруасының көңілдері көтеріңкі. Бүгінгі күні Үлкенбөкен ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарының шөп дайындау көрсеткіші - 2400 тоннаны құрайды.

БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Бастаушы ауылдық округінің тұрғындары және шаруа қожалықтары қыс маусымына шөп дайындап жатыр. Қазіргі уақытта тұрғындармен 1500 тонна (50 %), шаруа қожалықтармен 1200 тонна (80 %) шөп дайындалды. Жұмыстар жалғасуда. Ал, енді мектептің қысқа дайындығы жайлы тоқталатын болсақ, Абай атындағы орта мектеп от жағу маусымына дайын. Қазандықты және жылу жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бастаушы ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы, ауылдық клуб үйі от жағу маусымына дайын.

КӨКЖОТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Көкжота орта мектебінде қазандық жөндеу, пеш ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстардың біту мерзімі ағымдағы айдың 15 жұлдызында. Көкжота ауылындағы фельдшерлік пункті де, ауылдық клуб үйі де қысқа сақадай сай. Округ әкімшілігінің ғимараты электр қуатымен жылынады. Бірақ, қазіргі уақытта электр жылытқышын ауыстыру қажет.

Қыс маусымына ауыл тұрғындары да да-йындалып жатыр. 250 текше метр отын әкелінді. Округке көмір тамыздың ортасынан бастап әкелінеді.

САРЫБЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Сарыбел ауылында қысқы мал азығын дайындау мақсатында шаруалар мен ауыл тұрғындары шабындықтарды ору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Округтің бас маманы А.Жапарқұловтың берген мәліметі бойынша, мұндағы «Рахымбек»,«Қ.Далабаев» «Нұрайтер», «Алтай», «Лазутина», «Оңғарбаев», «Рысбаев», «Нұрай» шаруа қожалықтары және «Чистый Яр Агро» ЖШС жұмысшылары ауа райының қолайлы сәтін жіберіп алмай, бітік шыққан шөпті шабу науқанын ойдағыдай жүргізуде.

Ауыл шабындықтарында шөп мол, тек соны уақытында, күзгі жауын-шашынға қалдырмай жинап алу керек. Округтегі білім ордасы да жылу беру маусымына дайындықты ойдағыдай атқарды. Ал, Сарыбел ауылдық округіне қарасты Новостройка ауылынан су жолы арқылы тасымалданып жыл сайын «Ертіс-Транс» ЖШС бағасы 9400 теңге тұратын қатты отынмен қамтамасыз етеді.

МАРИНОГОРКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Мариногорка ауылдық округіне қарасты екі мектеп те жылыту маусымына дайын. Аталмыш мектептерге қысқа жағылатын көмірдің шығыны 360 тоннаны құрайды. Ай сайын 50-54 тоннадай көмір жағылады. Бізге көмірді қамтамасыз ететін «Әлем Жолдары» ЖШС, бекітілген келісімшарт негізінде тасымалдайды. Қазіргі таңда, әктеу жұмыстары жасалып, қазандық дайын болды.

Жұмба мектебіне 120 тонна көмір дайындау қажет. Қазандық жұмысқа жарамды, тек қатты отын жеткізілсе болғаны.

Қысқы шөп дайындау науқаныны жөнінде айтар болсақ, Мариногорка ауылдық округіне қажетті шөп 19 мың 536 тоннаны құрайды. Өткен жылдан қалған 25 тонна шөп бар. Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарымен және ауыл тұрғындарының күшімен 10 мың тонна шөп әзірленді. 4 мың тонна даярлануы қажет сабанның бүгінгі күнге жиналғаны 6 мың тонна.

ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Ал, Тассай ауылдық округіндегі шөп шабу науқаны баяу жүргізілуде.

Округ әкімдігі аппаратының мәліметі бойынша, келер қысқа қажетті шөптің мөлшері 2375 тонна. Бүгінгі күнге дайын болғаны 570 тонна, яғни 25% ғана құрайды. Жаз мезгілі аяқталуға жақын, егер округтегі шөп шабу науқаны уақытында орындалмаса, онда қыста қиындықтар туары сөзсіз.

ҚҰЛЫНЖОН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Құлынжон ауылдық округіндегі іргелі шаруашылықтар - «Казнаковка» ЖШС (А.Воротников), «Восток-Фиш» ЖШС (Н.Карчев), «Жолан» ШҚ (Е.Бөлембаев), «Серік» ШҚ (А.Қажығалиев) қазіргі күні қарқынды түрде шөп орағын жүргізіп жатыр.

Қыстамаға қажетті мал азығы шаруашылықтардың пішен қоймаларына тасылып, үйілуде, сондай-ақ барлық шаруашылық өздерінде жұмыс істейтін адамдардың жеке шаруашылығындағы малына қажетті пішенді үйлеріне тасуды қатар атқарып отыр. Биылғы шалғындық және екпе шөп шығымы жақсы, сондықтан да ысырапсыз жинап алып, қысқы мал азығымен қамтамасыз ету жолында аянбай тер төгілуде. Бір-екі күн үдесінде арпаға орақ салынды.

Жылдағы қалыптасқан дәстүрмен шаруа-шылықтар өздеріне қарасты зейнеткерлерді, жұмысшыларын көмір, отынмен де қамтамасыз етеді. Округтегі екі орта мектеп электр қуатымен жылытылады. Әлеуметтік нысандар – клубтар мен медициналық мекемелер және ауылдық округ әкімшілігін жылытуға қажетті көмір қазан айына дейін жеткізілетін болады деп хабарлайды, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы бас маман Г.Нұрғалиева.

Қыс – қыр астында. Біздің өлкенің табиғаты жайбасарлықты кешірмейді, сондықтан да қыстың қамын қапы қалмайтындай жасаған жөн.

 

Дайындаған:

Клара НҰРПЕЙІСОВА,

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз