Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжыра ауылындағы Асқар Қажығалиев жетекшілік ететін «Серік» шаруашылығының механизаторлары биылғы мал азығын даярлау науқанын қауырт өткізіп жатыр.

 Бір айдың ішінде толассыз жауған жаңбырдан соң қаулап өскен шалғынды қатаймай тұрып шауып алуды мақсат тұтқан олар барлық күш-жігерлерін аямауда. Шаруашылықта 200 гектар шабындық болса, оның 50 пайызынан артығы табиғи шалғындық. Ал  екпе шөпті бұлар екі рет орады.  Алғашқы орымда әр гектарынан пішен 40 центнерден айналған. 2000 центнершөп қазір маяланып, кеуіп тұр.

 

 Шаруашылық мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен пайдаланады. «Мал шаруашылығын  дамыту бағдарламалары негізінде трактор, роторлы шөпшалғы сатып алынды»,-дейді Асқар Қапанұлы. Қазіргі күні шаруашылықтың пішеншілері Жуандық жайлауында еңбек етуде. Шөп орағы науқанына төрт МТЗ (шалғы), Т-25 (итергіш), 2 маялағыш орнатылған тракторлар қатыстырылып отыр. Т.Мәжібев, С.Мәжібаев, Е.Сейсембаев шапқан шөпті Сәби Камалхан тырмамен жинаса, оның артынан Ағат Ризабек шашау шығармай итеріп, үйеді. Жауапты жұмыс байырғы механизатор, зейнеткер Т.Бибосынывтың мойнында. Ол өзінің  маялағыш қондырылған меншік  тракторымен шаруашылықтың шөп орағына көмек көрсетіп, жастарға үлгі болуда.

 Мал азығын молынан даярласа, ауылдағы мал шаруашылығын дамытумен айналысатын іргелі шаруашылықтың мал басы қыстан қысылмай шығады. Шаруашылықта жұмыс істейтін жұмысшылардың да ауласындағы тұяқтары мал азығымен қамтамасыз етіледі деген сөз. Ауыл еңбеккерінің жаз айының бір күні де текке өтпейді. Шөп орағынан кейін дәнді дақылдарды жинау науқаны да келіп қалады. Тынымсыз еңбектің арқасында олар өздерін, отбасыларын қамтамасыз етіп отыр.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз