Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы кеңестік республикалар аумағындағы ең ауқымды, интеграциялық тиімді жобалардың авторы ретінде саналады. 1994 жылы КСРО туралы естелік әлі ескіре қоймаған, ал экономикалық және саяси тоқырауға ұшыраған  кезде Еуразиялық одақ құруды ұсынған болатын. Бұл бастама 10 жыл бұрын естен шығып, 2000 жылдардың ортасында геосаяси серіктеске мұқтаж болған ресейлік басшылықпен еске алынды.    

 

Нәтижесінде Ресей, Қазақстан мен Белоруссия ең алдымен Кедендік одақ құрып, содан кейін  толыққанды экономикалық интеграциялы Еуразиялық Одақ құруға ұмтылып, ақыры одақ құрылды.     

Жиырма жыл бойы екі ел арасында достық райдағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады.  Тарихта тұңғыш рет Қазақстан мен Ресей өзара көршілес тәуелсіз мемлекеттер достастығын орнатты. Олар БҰҰ-ның тең дәрежелі мүшелері, тарихи өткелеңдері ортақ қана емес, қазіргісі мен болашақтағы даму жобалары еуразиялық аймақ пен әлемде ұқсас елдер ретінде танылып отыр. Екіншіден, ұлттық ерекшеліктері есепке алына отырып, шекаралық орналасуы бойынша мәселелері де шешімін тапқан.   

Қазақстандық-ресейлік қарым-қатынас ТМД елдері арасында ғана емес, ХХІ ғасырдағы мемлекеттер арасындағы қатынастың екіжақты даму үлгісіне айналды. Ресей мен Қазақстан рухани-өркениетті өлшеммен қатар өмір сүріп келеді.   

Біздің облыстың өміріндегі айтулы тарихи оқиғаның біріне айналған сәт – ол шығысқазақстандықтардың 8–9 сәуір күндері  көршілес өңір - Алтай өлкесінің Барнаул қаласына баруы болды. Қазақстанның Ресей жеріндегі мәдени күндерінің өтуіне біздің Көкпекті ауданы да белсене қатысты. 

Екі өңір арасында 2010 жылы қол қойылған келісім негізінде өзара муниципалдық шекаралас аймақтық қарым–қатынас орнаған. Алтай өлкесі мен Шығыс Қазақстанның тату көршілік араласуы нәтижесінде ғаырлдар бойы келе жатқан достық райды дамыту мен алдағы күндерге деген зор ынтымақтық серіктестік қалыптасқан.     

Жаз айларында екі өңірдің балалары мен жасөспірімдері көршілес аумақтардың сауықтыру балажайларында демалады. Шығармашылық ұжымдар екі өңірде өнер көрсетеді. Екі өңір арасында әлеуметтік-экономикалық бағыттағы түрлі қарым-қатынастар орнаған.  Атап айтсақ, Алтай өлкесінде бізде өндірілетін металл илектері мен арматура, тастан жасалған өнімдер сұранысқа ие. Ал олар біздің ШҚО-ға шиналар, қазандықтар, химиялық еріткіштер, аңшылық оқшантайлар және басқа да тауарлар жеткізеді. Шығыс Қазақстан еліміздің басқа өңірлерімен және Орталық Азия, Қытай мемлекеттері арасындағы ірі сауда дәлізі болып табылады. Алтай өлкесі мен Шығыс Қазақстанның достығы – шекаралас аумақтарға үлгі боларлықтай. 

9 сәуір күні Алтай өлкесінің астанасы Барнаул қаласына Шығыс Қазақстанның әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация  келіп жетті. Аймақ басшысы Алтай өлкесінің губернаторымен бірге бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, Сахаров алаңындағы Қазақстан-Алтай жәрмеңке көрмесін аралады. Алтай өлкесінің тұрғындарын Шығыс Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының өнері күтіп тұрды. Алтайлық көрермендер қонақтарды жылы шырайда қарсы алды. Көкпекті ауданынан мерекеге 40-тан адам қатысты. Жәрмеңкеде «Фацелия» шаруа қожалығы бал, «Рыбпром» ЖШС балықтың түр-түрін ұсынды. Жерлестеріміз Айгүл Ботанбаева мен  Динара Сәдуақасова таратқан дәмді палау пісірілген қазан жанында кісі көп жиналды. 

Алтай өлкесінде тұратын біздің жерлестеріміз қуана қауышып, туған жерлерін сағынатындарын жеткізді. Солардың бірі - 82 жастағы зейнеткер. Ол бұрын Самар ауылында тұрыпты. Балалары Ресейге қоныс аударғанда солармен бірге келген. Қарт әже: «жасырақ болсам қазақ еліне қайта оралар едім», - дейді.    Лариса Ковтун Самар ауылында 47 жыл тұрған, бүгін жерлестерінің өнерін тамашалап, сол бір жылдарды еске алуға келіпті.   – Мен бүгін осы шараға келгеніме өте қуаныштымын. Мен үшін Шығыс Қазақстан, әсіресе, Самар және Көкпекті ауылының тұрғындары жүрегімде сақталып қалады. Бүгінгі күні біздің жерлестеріміз ұйымдастырған мереке қазақстандықтардың дархандығын, толеранттығы мен қонақжайлылығын көрсетеді. Мен өзімнің Қазақстанда туып, өскенімді мақтан тұтамын.   Қазақстандықтарға бірге өткізген тамаша жылдарым үшін алғыс айтамын. Туған жеріме тағзым етемін. Қазақстан мен қазақ елі гүлденіп, тамаша жетістіктерге жете берсін. Жарайсыңдар, шығысқазақстандықтар!     

В.Кузнецов Зырян қаласының тумасы, ұзақ жыл Самар ауылында тұрған. Қай жерде болса да, Шығыс Қазақстаннан артық жер көрмегенін айта кетті ол. –Мен жылына екі рет туған жерге, Шығыс Қазақстанға барып тұрамын. Одан тыңайып, жаңа күш–қайрат жиып қайтамын, - дейді жерлесіміз.   

Ал, студент Стас Огнев те Шығыс Қазақстаннан, Барнаулда медициналық академияда оқиды. Оқуды аяқтаған соң туған өлкеге оралып, қазақ жерінде жұмыс істеуге ниетті екенін айтты. 

Айгүл мен Әлия Алтай өлкесінің Шұбарши ауылынан келген қазақ қыздары. Олар қазақи мәдениет жайында біраз мағлұматтар алып, өздерінің әсерлерімен бөлісті. «Біздің дәстүрлеріміз қандастарымыздан біраз өзгешелеу сияқты», - дейді. Олар таяуда Шығыс Қазақстанға келіп, қазақ елінің салт-дәстүрлерімізбен тереңірек танысқылары келетінін айтты. 

Жергілікті ресейліктер мен Қазақстанда туып-өскен орыс ұлтының өкілдері өз сөздерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен елді басқарудағы даналығы  туралы жақсы пікір білдірді. Оның басқаруымен қазақ елі жылдан-жылға әлем арасында зор беделге ие болып келеді. 

Бірнеше сағат бойы Сахаров алаңында қазақ елінің мәдени мерекесі толассыз өтті. Барнаулдықтар мен қонақтар қазақ халқының ұлттық тағамы, көшпенді тірлігінің мәдени ерекшеліктерімен танысты. Наурыз көже, бауырсақ, палау, талқан, құрт-ірімшік оларға ұнады. Олар дәстүрлі тағамдарды даярлау жолдарын да жазып алысты. Мереке қонақтарын қала ортасында құрылған қазақ үйлері қызықтырды. Олардың ішіндегі жасау-жабдығы, халық қолөнершілерінің бұйымдары таңдай қақтырды.  Көкпектіліктер тіккен киіз үйде де адам көп болды. Бұл мерекеде Ұлы Отан соғысының ардагерлері де бой көрсетіп, олар сол сұрапыл жылдары қазақстандық бауырларымен бірге талай қиындықты бастан кешкендерін еске алысты. Олар біздің елдің, өңірдің өкілдеріне қонақжайлылықтары үшін алғыс айтты. 

Шығыс Қазақстанның және Алтай өлкесінің ең үздік деген өнер ұжымдары Алтай өлкесінің мемлекеттік филармониясында өткен мерекелік концертке қатысты.  Гала-концерт екі сағаттан артық болды. Оған 50-ден артық биші, эстрадалық және классикалық жанрларбойынша ән орындаушылар мен алтайлық ұжымдар қатысты.  Көрермендер  әртістерге зор қошемет көрсетіп, бүкіл зал олармен бірге қазақ тілінде ән салды, ешқайсысы да гүл шоғынсыз сахнадан кеткен жоқ. Әртістердің концерті шығысқазақстандықтардың Алтай өлкесіндегі күндерін аяқтады. 

Қазақстан ежелден–ақ өзінің жомарттығымен, қонақжайлылығымен, көпұлттылығымен әйгілі. Ресей жерінде біздің делегация халқымыздың санқырлылығын, халықтар достығын бағалай білетіндерн  тағы да көрсете білді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев өз сөзінде барнаулдықтарға: «Біз Алтай өлкесімен достығымыз арқылы Ресей мен Қазақстанның бірлігін тағы да дәлелдей түстік», - деді. 

 Қанат АПСАДЫҚОВАЕкатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз