Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында сүтті мал шаруашылығын ауқымды дамыту жоспарланып отыр. Бұл тек өзін ғана қамтамасыз етпей, өнімді экспортқа шығаруды да көздейді. Осыған орай аймақта 40-қа жуық кәсіпорын іріктеліп алынды. Оларды дамыту үшін жеке қаражаттар мен инвестициялар ғана іске қосылып қоймай, сонымен қатар салалық бағдарламалардың қорлары да жұмсалады. Солардың қатарына Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтегі «Өрнек» ЖШС 400 басқа арналған сүтті-тауарлы фермасын қайта құру, әрі қарай ірі қара санын 600 басқа дейін арттыру жобасымен кірді. Ферманы әрі қарай дамыту жоспары қалай құрылып жатқаны жөнінде округ әкімі Дәурен Қойгелдин бізге әңгімелеп берді.

- Өңір басшысының облыстағы, соның ішінде  біздің ауданымыздың ауыл шаруашылық бөлімдерінің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - сүт өндірісін дамыту болып табылады. «Өрнек» ЖШС-де 400 басқа арналған сүтті-тауарлы фермасын қайта құру, әрі қарай ірі қара санын 600 басқа дейін арттыру жобасын жүзеге асыру  жоспары әлден-ақ әзірленіп қойылды. Онда тиімді түрдегі құқықтық-ұйымдастыру мәселелері мен шаруашылық жүргізу механизмдерін анықтау, өнімдерді өндірістен бастап саудаға шығаруға дейінгі технологиялық үрдістерді жетілдіру, басқарудың заманауи жүйесін және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылған. Осының барлығы кәсіпорынның инновациялық-инвестициялық бағыттағы іс-әрекетін және сүтті мал шаруашылығы саласының тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Алайда, жалпы өндірістің істі табысты  бастауы үшін округтің жергілікті тұрғындарын жа жұмылдыру қажет. 

Бүгінгі күнге Қ.Аухадиев атындағы округтегі  жекеменшіктің иелігінде  барлығы 1227 бас мүйізді ірі қара мал болса, соның 590 басы сиырлар. Соның ішінде Преображенкада – 227 бас, Воздвиженкада – 62 бас, Чернояркада – 46 бас және Кішібөкенде – 17 бас сауын сиырлар бар.

Қазіргі таңда орташа есеппен бір сиырдан тәулігіне 7 л/т сүт сауылатыны белгілі болып отыр. Бұл округтің сүт бағытындағы жұмысын әрі қарай  дамытуға қолайлы жағдай туғызатын болады.

- Сіздің жоспарыңызда округ тұрғындарынан сүт қабылдау пунктін ашу бар екенін білеміз. Оның дамуы үшін не қажет және онда кімдер жұмыс атқарады?

- Біз осы бастан ауылдардан сүт жинаушыларды анықтап қойғанбыз. Үстеме шығындар мен сүттің сапасы, қосымша құн салығын (НДС) ескере отырып жүргізілген есептеулер бойынша сүттің орташа бағасы 40-50 теңге болады. Ауылдардағы сауын сиыр иелері - тұрақты сүт өткізушілер де анықталды. Мәселен, Преображенка ауылы бойынша 13 адам,  Черноярка ауылынан 2 адам және Воздвиженка ауылынан 5, Кішібөкеннен 1 адам. Оларға жеңілдікпен малға беретін жем, құнарландырылған жем-шөп сатып алу,   жасанды ұрықтандыру үшін ұрық бөлінеді, ветеринар дәрігердің көмегімен түрлі аурулардың алдын алу және сауу аппараттарын алу мүмкіндіктері беріледі.

- Сүт қабылдаушының шығыс және кіріс табысы анықталды ма?

- Сүт қабылдаушының шығындарына жүргізілген есептеулер бойынша, 3 жұмысшының еңбекақысы 21450 теңге болу үшін, 2 - ат арбалары керек және 1 - ГАЗ-53 автокөлігі күніне 584 теңгеге жанармай жұмсайды. Қабылдаушының шығындарын жабу үшін күніне 306 литр сүт қажет. Осыған байланысты барлық есептеулер № 1 диаграммада көрсетілген.  

-Алға қойылған жоспарлардың жүзеге асуына кедергі келтіретін мәселелер бар ма?

Мәселелер, сөзсіз, бар. Біріншіден, сүт өңдеу мәселесі. Біздің есептеулер бойынша орташа есеппен 1 литр қаймақ 600 теңге және бір келі май бағасы 1500 теңге болу үшін сүттің орташа құны 72 теңгені құрауы тиіс. (есептеулер қосымшада бар).

Екіншіден, мал жаю үшін жер телімдері жеткіліксіз. Әлеуетті сүт өткізушілерді тарту үшін сүттің литрін 60-65 теңгеден қабылдауды арттыру қажет.

Округ әкімінің алға қойған жоспарлары жуық арада жүзеге асады деп үміттенеміз. Әзірге біз бұл жобаны іске асыру бойынша ауыл тұрғындарының пікірін білуді жөн көрдік.

Светлана Котлярова, Воздвиженка ауылы:

-Әрине, біздер, ауылдың барлық тұрғындары ауылда сүт тапсыру пунктінің ашылатынына аса қуаныштымыз. Қорасында мал ұстап отырған әр тұрғын өзінен артылған өнімдерін өткізіп, сол үшін ақша алатын болады. Бұл дегеніңіз округте сүт өндірісін кеңейту үшін әр үйде сүтті мал басын арттыруға мүмкіндік беретін жақсы бастама. Сүт қабылдау пунктінің ашылу идеясын ауыл тұрғындары қызу қолдап, оның дамуына өз үлестерін қосады деген ойдамын.

Әлмира Махмұтова, Преображенка ауылы:

-Өз басым ауылымызда  сүт қабылдау пунктінің ашылатынын қуана қолдаймын. Біздің округ сүт өндірісімен әйгілі екені және мұнда мал өсіруге барлық жағдай жасалғаны ешкімге құпия емес. «Өрнек» ЖШС базасында ашылған сүтті-тауарлы ферма уақыт өте келе өз қызметін кеңейте түсіп, мүмкін округте сүт өңдеу өнеркәсібі ашылар, тіпті сүт өнімдерін жеке маркамен шығаратын болармыз. Бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сиырларының сүттерін сатып, ақша жасап қана қоймай, сапалы сүт өнімдерін де ала аламыз дегенді білдіреді. Мұндай өзгерістер бізді қуантып қана қоймай, болашаққа ұмтылыс береді.

Сәуле Абулова, Черноярка ауылы:

-Қазір ауыл тұрғындарының барлығы дерлік мал асырайды. Өйткені, ауылда тұрып мал бақпау мүмкін емес. Ол біздің күнкөрісіміздің көзі. Біз бірнеше бас сауын сиыр асырайтындықтан, артылған сүтті қайда жіберерімізді білмейміз. Сақтайтын орын болмағандықтан, артық сүт өнімі тез бұзылып, жарамсыз болып қалады. Ал, егер округте сүт қабылдау пункті ашылса, біз келісімді бағамен артық өнімді өткізіп тұрар едік. Оның үстіне артылған ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін сүт фермасы болғаны тіптен жақсы болды. Сонымен қатар, қандай да бір іспен шұғылданып, отбасымызға да кіріс кіргізіп,  ауылымызға пайдамызды тигізсек деймін. Сондықтан, ауыл тұрғындары округімізде осындай өзгерістер жоспарланып жатқанына қуанышымыз шексіз.

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз