Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сүт бағытындағы мал басын арттырудың маңызы зор. Бұл салданың өнімі азық-түлік өндірісінің шикізат көзі болып табылады. Сүт және сүт өнімдері адам ағзасына қажетті дәрумендік ас ретінде алдыңғы орында тұрады да, сондықтан күнделікті қажет тауар түріне жатады, ал онымен тұрақты қамтамасыз ету  азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізудің маңызды бөлшегі болып табылады.     

 Сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың болашағы туралы аудан әкімінің м.а.   Рамиль Нығметжанұлы Сағындықовтың әңгімелеп беруін өтінген едік.

-Сүт өндіру малын өсіру мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі. Әлемдеорта мөлшермен 600 млн. тонна сүт өндіріледі, бұл дамыған мемлекеттердің басым бөлігінде әр тұрғынды қамтамасыз етудің қалыптасқан қажеттілігін орындады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі     Д.К.Ахметов дамудың басым бөлігі деп сүт өндіру саласын өркендетуді тегін белгелеген жоқ.

   Біздің аудан аграрлы болғандықтан сүт бағытындағы мал басын арттыруға толық негіз бар. Бұл сала мал шаруашылығындағы және агарлық саладағы  ең күрделісі болып саналады. Оның сәтті дамуына көптеген факторлар, оның ішінде мал тұқымының асылдығы, сауын сиырларды ұстау ерекшелігі, олардың саулығы мен дайындалатын өнімнің сапасы және басқалары әсер етеді. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда мал табынын жаңартып отыру, мал азығы қорын нығайту, қолда бар мал қораларын жаңғырту, жаңа қоралар салу, жаңашыл технологияларды енгізу қажет. Мұның барлығы сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың жалпы концепсиясында орын алып, оны жасаумен аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі айналысады.       

Бұл жұмыста сүт сатып алуды, сүтті тоңазыту мен өңдеушіге дейін жеткізуді ұйымдастыру  маңызды орын алмақшы. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары инновациялық-инвестициялық және бәскееге қабілеттілік бағыттарын қамтамасыз етулері керек, сонда ғана саланың тиімділігін арттыруға ықпал етуге болады. Бұл жерде ауданның шағын және орта бизнес өкілдері өздерін көрсете алады. Бұл жұмыс табалдырығы қазір бос, ешқандай бәсекелестер жоқ. Сонымен бірге облыс әкімі алдыға міндет қоя отырып, аталмыш бағыттағы бизнес жобаларға қолдау көрсету жоспарланып отыр деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндет кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және ауылдық округ әкімдерінің міндеті.          

Жекеменшіктің қорасындағы малының сүт бағытында дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Соңғы жылдары сүтті сатып алу бағасы өте төмен болғаны жасырын емес, ол ауыл тұрғындарының сүтті сатуға құлықсыз болуын туындатты. Сонымен бірге қолда бар мал басының нақты есебі жүргізу қажет. 

Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің басшыларына сүт өндірісі саласын дамытуға бағытталған әрі қарайғы жұмыс алгоритмдерін анықтау үшін бірқатар маңызды сәттерді қарастырулары керек, нақтылап айтқанда, сүтті сатып алудың сатып жолдары мен оын ұйымдастырудың құқықытық –ұйымдастырушылық формаларын қалыптастыру, сүт бағасының құрылуын нақтылау, маркетинг әдісін үйрену.     

Барлық мәселелерді шешуде ауылдық округ әкімдерінің атқарар міндеті зор болмақ. Ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында сүтті мал басын көбейтумен айналысудың тиімділігі мен маңыздылығы жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, осы мәселеге қатысты бизнес жобалар мен бастамаларға қолдау көрсетужәне оларды жүзеге асыру тапсырмалары беріледі.    

Рентабелділіктің басты шартының бірі – өнімді өңдеу мен сату болып табылады. Бұл күнде екі мәселел де шешімін тапқан жоқ, тек қана болжаулар мен жоспар-жобалар ғана бар. Осыған орай ауылшаруашылығы мен ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдерінің алдына қысқа мерзім ішінде мәселені шешуге бағытталған жол картасын жасау, өнімді өндіруден сатуға дейінгі технологиялық тізбекті жетілдіруді  жасауды тапсырамын.         

«Сиырдың сүті тілінде», -дегендей, сүт өндіруді дамытудың алғышарттарының бірі тұрақты әрі сапалы мал азығы қорын жасау болып табылады. Мал азығын дайындауда, сақтауда ешқандай ысырапшылдыққа жол бермей, қажетті әрі сапалы азық дайындауға қол жеткізу қажет. Бұл мәселені шешуге ең алдымен шаруа қожалықтарының басшылары құлықты болулары тиіс, ал жер қатынастары, ауылшаруашылығы мен ветеринария бөлімі әдістемелік-кеңестік көмекпен қамтамасыз етулері тиіс. Мал азығын дайындау  өндірісімен айналысу тағы бір табыс көзі, оны ұсақ шаруа қожалықтары жүзеге асыра алады. Дәнді-дақыл өндірісі нарығында бәсекелестікке төтеп бере алмайтын олар мал азығын дайындауда ұпай табатындары сөзсіз.        

Сүт бағытындағы мал басын арттыру жұмысы жолында шешерлік мәселе жетерлік, бірақ оны халықтың бақуаттылығын арттыруға ықпал ететін экономикалық санат ретінде қарасытру тиімді.  Бұл жұмыста мемлекеттік және салалық бағдарламалардың барлық артықшылықтарын барынша пайдалану керек.  

Аталмыш саланы дамытудың табысының кілті аграрлық құрылымдар басшыларының жаңашылдығы, іскерлігі мен белсенділігіне, ауыл тұрғындарының жаппай қатысуына тікелей байланысты, бұл оларға бизнестерінің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің ширақтығы мен біліктіліктерін көрсету деңгейіне де қатысты болмақшы. 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз