Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Екі жұлдыз,

Екі бақыт көктегі

Төбемізде тұрып алды кетпеді

Бар аспаннан екі жұлдыз көрдім мен

Біздер де екеу едік сәулем, өйткені - деп, бұл ән Үлкенбөкен орта мектебінің төрінде шырқалды. Бұл жобаны ұйымдастырушы жас ұстаздар: Рыскүл Көбелдесова, Альмира Толқамбаева, Назерке Қанағатова мектеп ұжымының алғысына бөленді. Себебі жобаның сценариін құрып, оған жұптарды таңдап, оны ұйымдастырып, жоғары деңгейде жүргізу әркімнің қолынан келмейді. Үш ұстазымыз да тіл мамандары. Жобаға әділ де қатал әділқазы алқалары сайланды. Олар: мектеп директоры Айсұлу Егеубаева, ардагер ұстаз - Лилия Осипова, бастауыш сынып мұғалімі- Бибінұр Сүлейменова.

Жоба үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең қараша айының соңында өтті. Бұл кезеңде 80-90 жылдардағы хит әндерді айту жобаланды. 9 жұп та сол жылдарға сәйкес киініп, ән таңдап дайындалып келген. Жобада әділқазы алқаларымен бірге көрермендер де ұнаған жұпқа өз дауыстарын берді. I – кезеңде ұпай саны аз 3 жұп жобадан шықты. Әділқазылар тарапынан да ән сол жылдарға сай емес немесе жұп байқалмады, әркім өзі үшін күресті деген сындар айтылды.

Екінші кезең тәуелсіздік күніне орай өткізілді. Бұл кезеңдегі тақырып Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы - патриоттық әндер орындалды. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі С.Тоқтамысова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Растриганың орындауында «Ауылым» әні, мектебіміздің математика пәнінің ұстазы Ш.Камерия мен география пәнінің мұғалімі А.Мұстафинова, информатика пәнінің мұғалімі А.Қыдырбаев пен мектеп іс-қағаздарын жүргізуші Р.Насивханның орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әндері көптің көңілінен шықты. Осындай кереметті тамашалаған ұстаздар қауымының көңіл-күйін айтып жеткізу мүмкін емес.

Бұл кезеңде  де 3 жұп келесі кезеңге жолдама алмады.

Үшінші кезең Жаңа жылға қарсы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде 3 жұп қалды. 1, 2, 3 орынға таласты. Жоба шарты бойынша екі ән айтылуы керек болды. Бір ән өздерінің таңдауы бойынша, екінші ән Жаңа жыл мерекесіне орай өткендіктен «Жаңа жыл» туралы ән айтылды.

«Екі жұлдыз» жобасының 3 –ші кезеңін ұйымдастырушы қыздарымыз Рыскүл, Альмира, Назеркенің «Жаңа жыл» әнімен басталды. Шынарбек Камерия мен Аяулым Мұстафинованың орындауындағы лирикалық ән мен «Жігіттер» квартетінің репертуарынан алынған «Жаңа жыл» әні шырқалғанда ұстаздар вальс айналып, би билеп шаттыққа бөленді.

Нәтижесінде «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы болып Аяулым Мұстафинова мен Шынарбек Камерия, екінші орынға С. Тоқтамысова мен Б. Растрига, үшінші орынға Арман Қыдырбаев пен Рая Насивхан ие болды. Қатысқан 9 жұп түрлі номинациямен және сыйлықтармен марапатталды.

 С.Сұлтанғұлова , Үлкенбөкен мектеп – балабақша кешені

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз