Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Желтоқсанның 27 жұлдызында Тассайда соңғы 3-4 жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мүмкіндігі шектеулі» балалар үшін «Жаңа Жыл Шыршасы» атты мереке биыл да жоғары деңгейде аталып өтті.

Шыршаны айнала шуылдап,сақ-сақ күлісіп, тақпақ айтысып Аяз Атамен Қарша Қыздың қоржынынынан сыйлықтар алып рахат күйге түскен, түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне кіріп, ойындар ойнап шаттанған балаларымен бірге қуанған аналарының да жанары нұрланып, риза кейіпке енген. «Мүмкіндігі шектеулі»- деп ресми айтылса да табиғат-ананың адамзат баласына сыйлаған ерекшелігі көп қой.

Анар есімді қыз баланың мың бұрала билегені, Әсем атты балауса қыздың өзі жазған өлең шумақтары ойлы, мағыналы мәтінімен сөз танитын кісіні таңдандырып қана қоймай ынтықтырады екен. Сөз патшасының құдіреті керім! Шырша мерекесінің соңына қарай барлық маска кигендермен қатар I- II және III орындарға сондай-ақ, жеке өнер көрсеткен өнерпаздарға түрлі сыйлықтар үлестіріліп, барлығына тәттілер толтырылған Жаңа Жылдық дорбаша табыс етілді. Балаларға арнап мейрам құрметіне жеміс-жидектер мен сусындар қойылған дастархан да жайылды. «Бір бала қуанса, мың періште қуанады»-дейтін бабамның сөзін осындай ісімен растай Шырша тойына қолдау көрсетіп қолтықтан демеген, ауылымыздың білікті кәсіпкерінің бірі Айтжамал Оразбаеваның өзі де болып балалармен аналарға құттықтауын жолдады.

Жаңа Жыл құтты болсын! Бастысы балалар қуанды!

Желтоқсанның 30 жұлдызы.

Заманына сай адамы демекші, өркениеті өрге басып келе жатқан еліміздің шалғайда жатқан пұшпағы, ат төбеліндей ауылдың да өзгеге өнеге болар дәстүрлері де күн сайын көбейіп келеді. Қызыл шапан жамылып, қызыл қоржын артынып, ақ таяғын таянған Аяз Ата мен Ақша Қар қыз Тассай ауылында өткен «Жылқы жылы» дүние есігін ашқан бүлдіршіндерді іздеп сапарға шықты. Іздегендері табылды.

Жиырма алты үйге ат басын тіреп, періштедей пәк, құйтақандай ғана адамзат ұрпағын аппақ торсықтай шекесінен өбіп, тұңғыш көрген Жаңа Жылымен құттықтап тілек айтып, ауылдағы ақ көңіл апаларының қоржын тола сәлемдемесін беріп қайтты.

Желтоқсанның 31 жұлдызы

Жұмыр жердің жарымынан астамы тойлап жатқан Жаңа Жыл мерекесі Тассайға да жетті ау. Қызылды-жасыл киінген, шадыман жұртта есеп жоқ. Жайраң қаққан жарқын жүздер, айқара құшақтасып бір-біріне ыстық лебіздерін білдіріп, қуаныштан лепірген көңілдері шырқау шегіне барып қалғаны байқалады. Шырша мерекесі басталып кетті, жан-жағыңның бәрі қаптаған қой мен арқардың құлжасындай мүйізді қошқарлар, оқыранған Қамбар Ата түлігі дейсіңбе бәрі бар, бейне бір жайлауда жүргендейсің. Бұның бәрі «Қой жылының» нышаны. Ауыл ағаларының құттықтауынан соң аулымыздың тағы да бір әдетке айналған жақсылығы әр саланың оза шапқан озаттарына, яғни «Жыл мұғалімі» «Мейрімді мейірбике» «Білікті кәсіпкер»,Үздік спортшы» «Белсенді өнерпаз» Қой жылы келуі құрметіне «Шопан ата» және «Құрметті қонақ» сондай-ақ, әжелер тобы мүшелеріне «Асыл әже» сияқты номинацияларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Әрине, бұл халықтық-бұқаралық мереке болған соң түрлі көңілді әуендер ойналып, халайық ойын-сауық құрды. Мәдениет отауының кең сарайында ине шаншар орын жоқ. Қарша қызын ерткен қарт Аяз Ата да көп күттірмей келіп, ел-жұртқа жақсы тілек арнап, сый жасап, батасын беріп аттанып кетті. Соңына қарай дәстүрге сай марапаттау рәсімі болып I-II –III орындармен қатар маска киіп келген сауықшылардың бәріне лайықты сыйлықтар үлестіріліп, «Қозысын ерткен саулыққа» бас жүлдеге түрлі-түсті плазмалық теледидар тарту етілді. Үлкен мерекеде үлкен сыяпат жасаған «Атымтай-жомарт» Тассайдың төл тумасы Архат Мауытбекұлы баурымыз болатын. Жаңа жыл кешіне Архаттың жары Ботагөз, анасы Күләш Қалиқызы мен әкесі, Тассайлық белгілі бизнесмен Мауытбек Оразбаев та болып ауылдастарымен ақтарыла араласып, арқа-жарқа болып қуаныштарын бөлісті.

Әу,ағайын! Қой жылы құт әкелсін! 

Катрен Байжұманов Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз