Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметтi Көкпекті ауданының тұрғындары!

Баршамызға сүйiктi әрi шын мәнiндегi отбасылық мереке — Жаңа жыл жақындап қалды. Ол әрқашан бiздiң ежелгi жоспарларымыз бен тiлектерiмiз орындалады, жаңаруға және жетiстiктерге жетуге деген үмiтiмiзбен ұштасып жатады.

Жаңа жыл — әдетте қорытынды шығаратын, өткендi пайымдайтын және болашаққа жоспар жасайтын кезең. 2014 жыл елiмiз үшiн жетiстiктер тарихының тағы бiр ұмытылмас парағына айналды деуге бiзде бүкiл негiз бар. Өзiнiң Тәуелсiздiгiнiң 23 жылдығын атап өткен Қазақстан экономикасы дамуының жоғары қарқынын және азаматтарының әл-ауқатының ұдайы өскендiгiн көрсетiп отырған, бұрынғыдан да қуатты және мықты мемлекетке айналды. Бүгiнгi таңда әрбiр қазақстандық сияқты біздің ауданның тұрғындары да болашаққа сенiммен қарайды, өзiнiң елiн және өзiнiң Президентiн мақтан тұтады.

Алдағы қой жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты маңызды да тағдырлы Жолдауын жүзеге асырудың басталуымен әйгiлi болмақ. Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты мақсат — дағдарыстан шығудың жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру .

Осы өршiл де биiк мақсатқа қол жеткiзуде ауданымыздың тұрғындары айтарлықтай үлес қосады деп сенемiз! Бұл үшiн бiзде қажет нәрсенiң бәрi және ең бастысы — талантты, еңбекке қабiлеттi адамдар бар. Тарих қойнауына сүңгiген 2014 жыл әрқайсымыз үшiн ерекше болды. Әркiмге өзiнше қымбат. Бұл жыл оқиғаларға бай болды, олар бүкiл аудан тұрғындарын бiрiктiрiп, әрбiр шаңыраққа шуақ шашты. Бұл — жұмысымыз, отбасымыз, қам-қарекеттерiмiз, бұл — қол жеткiзген жетiстiктерiмiз, болашаққа арналған бiрiккен жоспарларымыз.

Қымбатты жерлестер!

Қол жеткiзгеннiң барлығы — Сiздердiң еңбектерiңiздiң және мақсат-керлiктерiңiздiң нәтижесi. Бiздiң баршамызды өңiрiмiздi дәулеттi, әсем де абат етуге деген ортақ ұмтылыс бiрiктiредi. Балаларымыз дәулеттi, қауiпсiз және өркендеген елде, қарияларын құрметтейтiн, жаңа мақсатқа қол жеткiзуге ұмтылып отырған көпэтносты халқымыздың дәстүрлерiн сақтайтын елде өсiп, өмiр сүрулерi үшiн не iстесек те, бәрiн солар үшiн жасау үстiндемiз. Біз Мәңгілік ел құру жолында бірлесе еңбек етіп, алға қарай қарыштай береміз.

Жаңа 2015 жыл 2014 жылдың эстафетасын қабылдап, жарқын идеялар, iзгi өзгерiстер және айтулы оқиғалар жылына айналғай! Еліміздің туар жылы атап өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойларын лайықты қарсы алуды жазсын!

Жаңа жыл әрбiр шаңыраққа, әрбiр отбасына татулық пен келiсiм дарытып, амандық-саулық пен қуанышқа бөлесiн, сәттiлiкке толы болсын! Жаңа жыл құтты болсын!

Р.Сағындықов, аудан әкімінің міндетін атқарушы

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз