Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаздың соңғы айы да аяқталды. Бұл мезгіл еңбегінің жемісін, табиғаттың сарқылмас сыйын көретін шақ. 27 тамызда «Ұлы дала елі» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі және мектепке қажетті оқу құралдары саудаланды.
Сауда шарасында барлық ауылдық округтер өз тауарларын ұсынды. Жәрмеңке барысында еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген 7 бас ірі қара, 6 бас қой, 1 бас жылқы еті, арпа, бал, сүт өнімдері, сондай-ақ көкөністер мен жемістер сатылды.


Жәрмеңке қонақтары сарымсақтың келісін 1500 теңгеден, қырыққабатты 150 теңгеден, пиязды 180 теңге/кг, бұрыш 400 теңге/кг, картопты 180 теңге/кг, сиыр етінің келісін 2000 теңгеден сатып алды. Қой еті – 1900 теңге/кг, құрттың келісін 3000 теңгеден, сұйық құрт – 750 теңге/0,5л, сүзбе – 4000 теңге/кг, жұмыртқа – 40 теңге/дана сатып алды.
Тассай, Үлкенбөкен, Теректі ауылдық округтерінің сауда сөрелерінде мектепке қажетті оқу құралдары сатылды. Сондай-ақ, аудан орталығындағы жәрмеңкеге тағы да мектеп формасын тігетін «Омаровтар ательесі» қатысты. Бағалары өткен жолғыдай болды, жеңсіз күртешелер сатып алған затпен бірге сыйлыққа берілді.
Мұндай жәрмеңкелер аудан тұрғындары үшін маңызды, өйткені олар бірнеше өзекті мәселелерді шешеді, атап айтқанда:
- өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы делдалдарды алып тастауды;
- тауар өндірушілердің өнімдеріне қосымша нарықты қамтамасыз етеді;
- делдалдарды шеттету есебінен өнімнің бағасы төмендеп, халық үшін сапалы азық-түліктің болуы қамтамасыз етілуде.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз