Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің оқырмандарымыз байқағандай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аудандық газет беттерінде жиі жарияланып тұрады. Шынында да, бұл тұрғындар мен жергілікті әкімшіліктің назарын аударатын маңызды мәселе.
Адам өмірі әрқашан сумен тығыз байланысты болды. Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады.


Қазіргі әлемде таза ауыз судың маңыздылығын ескермеу мүмкін емес, өйткені ол өмірдің барлық салаларында бар. Сондықтан ауылдың, ауданның, республиканың әрбір тұрғыны осы өмірлік маңызды қажеттілікке еркін қол жеткізе алуы тиіс.
Бұған дейін біз ауылдық жерлерде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірнеше рет жазған болатынбыз. Жобалар туралы ақпарат, тиісті бөлім басшыларымен және мамандарымен сұхбат, мердігерлердің қызметі туралы жергілікті қоғамдастық кеңестің пікірі жайлы біз оқырмандарымызды таныстырған болатынбыз.
Ағымдағы 2021 жыл аяқталуға жақын. Алдымыздағы жылы іске қосылатын Көкпекті ауданындағы жаңа су құбырының жағдайы қандай? Ескі су құбырын не істейді? Ауданның барлық тұрғындары таза ауыз сумен қашан толықтай қамтамасыз етіледі және ол үшін қандай құрылыс жұмыстары жүргізілді? Осы сұрақтар төңірегінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дамир Ордахановқа жүгіндік.
2017 жылдан бастап ауданда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер») бойынша су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу және қайта құру бойынша жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл Көкпекті ауылының су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын қайта жаңарту, Самар ауылының су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын қайта жаңарту, Көкжота ауылындағы су тарту құрылыстары, Көкжайық, Үлкенбөкен, Құлынжон, Аққала, Миролюбовка, Преображенка, Мариногорка, Үлгілімалшы ауылдарындағы су құбыры желілерін салу жұмыстары. Бұл жобаларды іске асыруға 2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд 711 млн теңге бөлінді. Шағын ауылдардың тұрғындарын сумен қамтамасыз ету блокті-модульдік станцияларды орнату есебінен жүргізіледі.
ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі туралы ақпарат берді. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 1 қарашасына аудандағы жалпы халық санының 69,7 % (18 865 адам) құрайды.
-Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобалардың бірі Көкпектідегі су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын қайта жаңарту болып табылады. Тамыз айының басында біз осы нысандарды аралап, жұмыс барысымен таныстық. Қазір ол жердегі жағдай қандай? Су желілеріне келетін болсақ, мұнда орындалу пайызы 95 құрайды. Бүгінгі күні желілерді хлорлау және жуу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы айда нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Су тарту құрылыстарын қайта жаңарту 93% - ға орындалды. Жарықтандыру, бейнебақылау және алаңқай қоршаулары орнатылды. Қажетті материал сатып алынады, - деді Дамир Маратұлы
Сондай-ақ, біз одан Көкпекті ауылындағы ескі су құбырын өшіру мәселесін түсіндіруді сұрадық.
- Ескі су құбырлары апатты жағдайда, олар ескіріп, тозған. Осыған байланысты судың өшуі жиі орын алады. Олар өшіріледі, бұл уақыт мәселесі. Жаңа су құбыры таза ауыз суды үздіксіз беруді қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан біз тұрғындардан жақын арада үйлеріне суды тартуды сұраймыз. Сонымен қатар, бұл су артезиан суы болып саналады, өйткені ол терең жатқан жер асты су көздерінен алынады», - деп жауап берді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
Ал артезиан суы пайдалы ма? Осы сұрақпен біз Көкпекті аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлмира Замаданқызы Мирзасоваға жүгіндік.
-Табиғи артезиан суының бірқатар артықшылықтары бар. Артезиан суы - су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындағы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл - сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол аймақтағы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналады. Ол минералданудың жоғары деңгейімен сипатталады, бұл оның тіндері мен мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін минералдарға мұқтаж адам ағзасы үшін өте маңызды. Артезиан ұңғымасынан шыққан судың дәмі жағымды және кез-келген басқа судан айқын ерекшеленеді. Сонымен қатар, оны қолдану жалпы денсаулық пен әл-ауқаттың жақсаруына ықпал етеді. Сондай-ақ, басқарма микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеулер үшін ауыз суды тұрақты негізде іріктеп отыратынын атап өткім келеді. Соңғы 10 жылда оң сынамалар анықталған жоқ, - деп жауап берді Гүлмира Замаданқызы.
Бұдан шығатын қорытынды - пайдалы және сапалы ауыз суды үзіліссіз пайдалану үшін әр үйді жаңа орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу керек.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз