Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қашан да малмен күн көрген қазақ үшін табиғат мезгілдерінің орындары ерекше. Көкпекті ауданы шаруалары дала жұмыстарын аяқтауға жақын. Мұнда ата кәсіп күн тәртібінен түскен емес. Әуелгі кезекте төрт түліктің қамы, қысқы азығы тұрады. Көп кешіктірмей қытымыр қысқа қамданып алғанды жөн көреді шаруалар. Сондықтан жаз ортасынан ауғанда малдың жем-шөбін жинауға кіріседі. Биыл өңірде ылғал мол болғандықтан, шөп те бітік шықты. Маусым айының бел ортасынан бастап шабындыққа шалғы түскен. Енді, міне, айналасы екі айдың бедерінде пішен дайындау науқаны аяқталып та қалды.

Көкпекті ауданының шаруашылықтарында маусым айының соңын ала басталған мал азығын дайындау науқаны қазіргі таңда қарқын алуда. Шабуға жарамды қырдың, өзен жиегіндегі шалғыға шалынатын жерлер шабылып, мал қыстағына тасымалданып жатыр. Маңызды науқанға ауданымыздың агроқұрылымдары алғашқылардың бірі болып кіріскен болатын. Қыстың қамын жаз ойлайтын шаруашылықтар бүгінгі күнге жем-шөп қорының 85 пайызын әзірлеп үлгерді. Малды қыстан алып шығу үлкен науқан. Онда ұсақ-түйек мәселе болмайды, себебі ол жерде барлығының да маңызы бар.


Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Расул Мұратұлы Сармановтың берген мәліметі бойынша, шөп 140,2 гектар (85 %), пішен 12,5 гектар (100 %), сабан 3,8 гектар (63,3 %), сүрлем 45,0 гектар, жем 9,8 гектар дайындалып қойған.
Мал азығын әзірлеу науқанының аяқталуына тұп-тура 1 айға жуық уақыт қалғанын ескерсек, ой мен қырдағы ауылдарымыз қыстан қымтырылмай шығатынына сенуге болатын сыңайлы. Олай дейтініміз, әр шаруа қожасы шөп дайындау барысында өзінің мал басына қарай азық дайындайды, осы тұрғыдан алғанда қыстан төрт түлік тұяғы шетінемей шығарына үміттіміз, - дейді Расул Мұратұлы.
Көкпекті ауылдық округіне қарасты «Арсен» және «Қосағаш» ШҚ мал азығын күні бұрын әзірлеп қоюға машықтанған. Бұл жолы да олар биік межеден көрініп отыр.
«Қосағаш» ШҚ күн көкжиектен енді көтеріле бастағанда таңғы астарын ішіп, трактор рөліне отырған жігіттер шабындыққа қарай сап түзей, жұмысқа барады.
- Жұмыстың едәуір бөлігін еңсеріп тастадық. Енді бір он күнде шөп шабуды толық аяқтаймыз,-дейді шаруашылықтың басшысы Ақан Сарманов. – Негізі, шөп шығымын жаман деуге болмайды. Қазір біз 150 гектардай жерді шауып, 67 прицеп шөпті тасып алдық. Биылғы ылғал жақсы, шөп бітік. Техника сайлы болып тұр. Сондықтан жұмыс жемісті болатын түрі бар.
– Бұл шаруашылық отбасылық болғандықтан осында көп уақыт жұмыс істеймін. Әбден үйреніп алдым. Таңертеңгі сегізде шыққаннан кешке дейін өзімізге жүктелген жоспарды орындауға тырысамыз. Тракторымыз да сайлы, - дейді жас та болса біраз тәжірбие жанақтап үлгерген механизатор Нұржан Сарманов.
Дала қосында «Арсен» шаруа қожалығының гүр-гүр еткен 4 тракторы мен 2 машинасының дауысынан құлақ тұнады. Қазір соның 50-100 гектары шабылып, қыстақ басына тасылып жатыр. Осыдан 7-8 жыл бұрын құрылған«Арсен» ШҚ басшысы Марат Сарымсақовтың айтуынша, ол 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл шөп, егін бітік шығып диқаншылар разы.
Бір сөзбен айтқанда, ашық күнді қолайлы шақты тиімді пайдаланып отырған аудан шаруаларының ісі өнімді. Аудан шабындықтарында ерен еңбектің көрігі қыза түсуде. Бұл мал шаруашылығының қалыпты дамып, дұрыс өсіп жетілуінің алғы шарты болып табылады. Ендігі жерде тек қана бірлесіп, ерінбей еңбектенгеннің ғана мерейі үстем болмақ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз