Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 маусым күні Көкпекті ауданының 2017 жылғы түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырды. Көкпекті орта мектебінде орналасқан №861 ҰБТ тапсыру пунктінің бөлімшесінде өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 124 түлек қатысты. Оның ішінде мемлекеттік тілде тапсырған 90 түлек және орыс тілінде 34 түлек бар.
Алғаш рет елімізде мектеп түлектері жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтті. Жаңа форматтағы ҰБТ 5 пән бо-йынша тапсырылды: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (20 тапсырмадан, шекті деңгейі - әр пәннен кемінде 4 баллдан) және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен (30 тапсырмадан, шекті деңгейі жаратылстану пәнінен 11, гуманитарлық 12 кем болмауы тиіс). 120 тесттік тапсырма бойынша түлек максималды 140 балл алуы мүмкін. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінді.


- 2017 жылғы Көкпекті ауданындағы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 94 болды. Былтырғы 2016 жылы 86,5 балл болған. Демек, былтырғымен салыстырғанда 7,5 баллға жөғары көтерелді. Жалпы орта білім беретін мектептер арасында ең жоғары орташа балл алғандар қатарында Үлкенбөкен ОМ 1 оқушысы 128 балл, Болғанбаев ОМ 1 оқушысы 128 балл, Болғанбаев ОМ 1 оқушысы 126 балл, Үлкенбөкен ОМ 1 оқушысы 126 балл, Болғанбаев ОМ 1 оқушысы 125 балл, Көкпекті ОМ 1 оқушысы 123 балл және Көкпекті ОМ 1 оқушысы 122 балл жинады, - дейді білім беру бөлімінің әдіскері Гаухар Каребаева.
Білім беру бөлімі әдіскерінің дерегі бойынша 6 оқушы шекті деңгей 50 баллдан төмен балл алған, ол ҰБТ-ға қатысқан барлық түлектердің 4 пайызын құрайды. Ал, 59 түлек 100 баллдан жоғары алған. - ҰБТ өту барысынап келер болсақ ғимаратқа енгізу сағат 8.00-де басталды. Енгізу кезінде 2 металліздегіш құрал пайдаланылды. Металліздегіш құралмен тексеру жұмыстарын мемлекеттік комиссия тағайындаған бір әйел, бір ер адам жүргізді. Тестілеу кезіндегі барлық әрекеттер «Нұсқаулық» пен «Ереженің» талаптарына сай жүргізілді. Тестілеу кезінде 5 ұялы телефон сигналын тұншықтыратын құрылғы пайдаланылды. Тестілеу барысы 4 аудиториядағы 5 камера мен монитор арқылы Білім ғылым министрлігі өкілдері тікелей көрсетілді - дейді Гаухар Жұматайқызы.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз