Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ар-налған салтанатты жиын өтті. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған ең ұлық мерекеміз - Тәуелсіздік күні Көкпекті ауданында кең көлемде тойланды.
Салтанатты жиын аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Са-ғандықовтың құттықтау сөзімен басталды: - Қайырлы күн, қымбатты қауым! Ардақты ағайын! Баршаңызды егемен еліміздің ең ұлы, ең қасиетті мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез-келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік - ең қымбат, ең асыл ұғымдар. 25 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Бұл - ата-

бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн. Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы.
Баршаңызды Тәуелсіздіктің 25-жылдығымен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, аспанымыз ашық, мем-лекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін! Мереке құтты болсын, ағайын!, - деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Астана қаласынан арнайы келген Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігінің көлік комитетінің төрағасы Әсет Асанұлы Асавбаев та Көкпекті халқына мерекелік лебізін білдірді:
- Құрметті көкпектіліктер! Баршаңызды ұлық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Кешегі ата-баба аңсаған Тәуелсіздік ұғымын бүгінгі ұрпақ жете түсінері анық. Дүниедегі мыңдаған халықтар мен ұлыстардың барлығы егемен ел болуды мақсат тұтады. Дегенмен, өз мемлекетін құрып, шын мәніндегі ел болып отырғандары олардың 200-ден астамы ғана екен. Соның арасында бақытты өмір мен тәуелсіздікті армандап, оған қол жеткізу жолында қаншама қан мен тер төккен халықты тарихтан білеміз. Мұндай бақытсыздық пен баянсыздық қауіпі біздің ұлттың да басына төнгені белгілі. Алайда азаттықтың ақ таңын аңсаған ата-баба арманы біздерге бұйырды.
Ендеше, «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деп, бабаларымыз бекер айтпаған. Бірлігіміздің арқасында, Елбасының сарабдал саясатын ұстанып, тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптастық, өзгемен тереземізді теңедік, тұрмысымызды түзедік. Бұрын қиял болып көрінген жетістіктерге қол жеткіздік. Осы орайда бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтай берсін, - деді Әсет Асанұлы.
Мерекелік жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Марапаттау «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін беру салтанатымен басталды. Мерекелік медальдің иелері Анатолий Авдеев, Гүлбаран Ақшабаева, Баян Багисова, Владимир Батраков, Александр Бойков, Самарқан Жотабаев, Ғазиз Искаков, Ерлан Қалдыбаев, Нұргүл Қаражігітова, Баянды Қожамбетов, Михаил Лопаткин, Зайра Мадьярова, Сләмбек Мұқашев, Бақытжамал Мұқұшева, Рауия Наурызбаева, Клара Смаилова, Сәуле Сүлейменова, Қуаныш Умаров, Жанат Халиуллина, Балқия Чалова, Сайраш Чалова, Галина Штукерт болды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесі қарсаңында ел Тәуелсіздігіне қызмет етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге зор үлестерін қосып жүрген азаматтар мен азаматшалар аудан әкімінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Олар Болат Бекбердинов, Бақыт Рахимов, Гүлдарай Мұхамадиева, Владимир Виничук, Халиль Фахрутдинов, Меруерт Мадинова, Мұрат Жакупов, Өміртай Сұлтанов, Ержан Қойгелдин, Александр Нарожнев, Александр Федосов, Ержан Дюсюпов, Нұртас Исенов, Марат Құмаров, Қайрат Сұраужанов, Асқар Қажығалиев, Төлепберді Хощанов, Александр Лискевич, Бауыржан Рапеков, Бақытбек Құмаров, Жәлел Байназаров, Қанат Садықов, Жұмабек Кушукбаев, Қайрат Дюсенбаев. Аудан әкімінің Алғыс хатымен Бақыт Оразғалиева, Нұрлан Әубәкіров, Хажымұрат Қасенов, Гүлмира Гизатова, Леонид Донской, Сайлаубек Құсаинов, Татьяна Жұмажанова, Катрен Байжұманов, Кенжебек Ахметқалиев, Валентина Хоренко, Нұрболат Кибижанов, Жетпісбай Үркенчинов, Зарымқан Ысқақов, Николай Кривовязов, Анатолий Сычев, Вероника Щегло, Зияш Еркебұлан, Гүлбану Бұқанова, Гүлжанат Ермекбаева, Қуат Закирьянов, Василий Онищенко, Жұмабай Ерботин, Ержан Мазыбаев, Аслан Жапаркұлов, Айтқазы Смағұлов марапатталды.
Марапаттау рәсімі аяқталған соң Көкпекті аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы өз құттықтауында: - Құрметті жиналған қауым, Сіздерді еліміздің ұлы мерекесі, келе жатқан Тәуелсіздік күнімен, шын жүректен құттықтаймын! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орыны әрқашан да бөлек. Батыр бабаларымыздың төккен қанының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікт біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлейміз.
Өткен 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасы дамыған экономикасы бар, бірлігі жарасқан халқы бар, аты бүкіл дүние жүзіне танымал мықты мемлекетке айналды. Мұның бәрі мына Сіздердің сүйікті еліміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне қосқан үлестеріңіздің, салған еңбектеріңіздің арқасы. Сондықтан да әрқайсыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, игілік және алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында Еліміз гүлденіп көркейе берсін, ағайын!, - деді.
Қоғамдық келісім орталығының директоры Елена Павловна Сихварт «Егеменді даму жылдарында Қазақстан экономика саласында, әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірінде бірқатар түбегейлі өзгерістерге жол ашты. Халықтың бірлігін негізге ала отырып, біз барлық қиындықтарды жеңіп шықтық. Бүгінгі таңда әрбір қазақстандыққа қол жеткізген жетістіктерді еселендіріп, еліміздің дамуын қамтамасыз ету мақсаты қойылды. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, орасан зор жетістіктер тілеймін. Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», - деп ыстық лебізін білдірді.
Келесі кезекте көпшілікке құттықтау сөзін Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің жас ұстазы Тәуелсіздіктің төл құрдасы Дәурен Мергенчинов арнады: –. Тәуелсіздікпен бірге өсіп, бірге толысып, бірге дамып келе жатқаныма өзімді бақытты ұрпақпын деп санаймын. Біз жаңа елдің жаңа көзқарастағы жастары алдыңғы толқын ағаларымыз бен апаларымыздың біздің болашағымыз үшін жасаған игі істерін жоғары бағалаймыз және алғыс айтамыз. Бізге толыққанды өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Елбасы Н.Назарбаев жастарға мол сенім артып отыр. Сол сенім үдесінен шығу - біздің алға қойған басты мақсатымыз. Тәуелсіз Қазақ Елінің, Ұлы Дала Елінің болашағын бекем етер, тәуелсіздігін баянды ететін біз боламыз. Мәңгілік еліміз жасай берсін!
Сондай-ақ, бұл күні «Нұр Отан» партиясының қатары толығып, партия құрамына жаңадан қабылданған азаматтар Асыл Байсексенова, Әсел Жанабекова, Бақытгүл Ершеноваға партия билеті тапсырылса, кәмелеттік жасқа толып, Қазақстан азаматы атағын толық иеленген бір топ жеткіншектер Айым Қаратаева, Әділ Мадиев, Жандос Сатыбалдин, Заур Қалкеновке жеке куәлік тапсырылды.
Салтанатты жиынның мәнін арттырып, мағынасын тереңдеткен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мерекелік кешті шырайландыра түсті. Концерттік бағдарлама «Қазағым-ай» әнімен ашылды. Тәуелсіздікке жеткен жолдар «Қорқыт» әні және хореографиялық қойылым мен «Батырлар» биі арқылы тарихтан сыр шертіп, аудандық мәдениет үйінің аспаптар оркестріне жаңа леп әкелген жетекшісі Толғанай Айдынованың дирижерлігімен орындалған «Шаттық Отаны» күйі халықтың жүрегіне жеткен шығарма болды. Көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің жастары осынау думанды мерекеде әсем әндері мен мың бұрала билеген билерін көрермендерге арнады.
Тәуелсіздік күні – біздің қоғамымыздың тұтастығы. Ол – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, батылдық пен қаһармандықтың, ұрпақтар сабақтастығы мен ата-бабамыздың дәстүрін құрметтеудің символы. Ел тәуелсіздігін алған уақытқа дейін қазақ халқымен өмірдің ыстық-суғын бірге кешкен барша ұлт өкілдері де бұл қуанышты күнге ортақтасады. Осы 25 жыл ішінде өркениетті ғаламның саяси-экономикалық, әлеуметтік-қоғамдық карталарынан өзінің лайықты орнын ойып алған Қазақстан Республикасының осы жолда басынан кешкен қиындықтарының көп болғаны қаншалықты шындық болса, тарихи қыруар жеңістерінің мейлінше баянды түрде орын тепкендігі де баршамызға аян. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, әлі талай игі істер жүзеге асады. Елімізде бірлігіміздің іргесін бекітіп, ырыс-берекемізді арттыра берейік. Жаңа мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін жұмыла еңбек етіп, еңбек үлесімізді қосуымыз қажет. Тәуелсіздік мерейтойы құтты болсын!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз