Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандықов 1986 жылғы Алматы-дағы Желтоқсан оқиғасына қатысу-шылармен кездесті. Әкіммен кездесуге біздің ауданда тұратын Желтоқсан оқиғасына қатысушы 4 азамат шақыр-ылды. Жұмабек Бахтинов, Серік Тұрлыбеков, Болат Тоқтамысов және Нұрлан Назарханов сынды ел үшін үн қатып, қазақ халқының болашағы үшін жанайқайын жеткізген азаматтарға «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» ме-рейтойлық медальдары табысталды.


- Бүгінгі күні 25 жылдық мерейтойын атап отырған Тәуелсіздік біздің халқымызға оңайлықпен келген жоқ. КСРО елдері ішінде бірінші болып қазақ елінің жастары бас көтерді. Жастар Қазақстанда қазақ басшы болу керек деген оймен тоталитарлық әділетсіздіктерге қарсы тұрды. Сіздер сол азаматтардың арасында болдыңыздар. Бұған ешкімнің күмәні жоқ. Бұл Тәуелсіздік туын жел-біретуге серпін берген оқиға еді. Мемлекет еңбектеріңізді, тәуелсіз елге адал қызмет етіп жүргендеріңізді ескере келе марапаттады. Сіздерге алғысымыз шек-сіз, - деді құттықтау сөзінде Рамиль Нығ-метжанұлы.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы-лардың бірі Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов сол күндерде алаңда халықтың өз таңдауын жасауға құқылы екендігін дәлелдеуге тырысқан қазақ қыздарының қайсарлығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, тұңғыш рет КСРО тарихында тәуелсіздік үшін өз құқығын білдірген халқымыздың қоғамдағы рөлін де атады. Дәл сол 1986 жылғы жел-тоқсаннан кейін ғана Одақтың басқа республикалары өздерінің тәуелсіздік құқығын алу туралы айта бастады.
Ауданға танымал азамат Жұмабек Бахтинов басқа да жастармен бірге кеңес-тік тоталитарлық режимге наразылық білдіру үшін алаңға шыққанын айтты. - Барлығы біріне-бірі көмектесті. Біз ол кезде жас едік. Қуғынға қарамастан ешкім ешқайда қашқан жоқ, - деп еске алды Желтоқсан батырлары.
Осы кездесу барысында аталмыш оқиғаның куәгерлері сол ақтаңдақ күндер-ді еске алудан әсте жалықпады. Аудан басшысы олармен жиірек кездесу өткізіп тұру керектігіне баса назар аударды. Кездесуге келген желтоқсаншылар өздеріне құрмет көрсетілгеніне шын көңілден ризашылығын білдірді.
Қазақ халқы Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде саяси тәрбиенің үл-кен мектебінен өтті, ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты биікке асқақтатты.
Желтоқсан көтерілісінен көп ұзамай қол жеткізген Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы құр-метпен қарайтын, абыройлы, айбынды елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты көре алмай кеткен ата-бабаларымызға, желтоқсан құрбандарына қойылған бас-ты ескерткіш.
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз