Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Көк-пекті орта мектебінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты аудандық жанұялық жарыс өткізілді. Аталмыш сайысқа Көкпекті, Преображенка, Теректі, Самар ауылдарынан отбасылар қатысты.


Байқаудың шымылдығы Еркежан Мұқашеваның орындауындағы «Әке-ана» атты әнмен ашылды. Сайысқа қатысып, бақ сынасуға Көкжота орта мектебінен Мүрсәлімовтар отбасы, Самар орта мектебінен Дәрібаевтар отбасы, Преображенкадан Хумырбековтар отбасы, Қ.Аухадиев орта мектебінен Асқаровтар, ал Көкпекті ауылындағы білім ордаларынан Ыбырай және Галиевтар отбасылары болды. Сайыста отбасылар 4 кезең бойынша өнерлері мен тапқырлықтарын көрсетті. Жарыс өз мәресіне жетіп, нәтижесінде 1-орын көкжоталық Мүрсәлімовтар, 2 орын Хұмырбектер алса, 3 орын Ыбырай отбасы және Галиевтерге бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
«Үлкен ел - үлкен отбасы» атты мерейтой қарсаңындағы іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан үлкен ел екендігін, әрбір қазақстандық бойында отбасы мен қоғамның біртұтастығын, өзара келісім мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру ұғымы жатқандығын көрсету болатын.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз