Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып, биыл да ауылшаруашылық қызметкерлері күні қарсаңында ауданның агроқұрылым басшылары, астық жинауда биік белестерден көріне білген майталман жұмысшылар қатысқан үлкен мерекелік кеш өтті.
Ауыл шаруашылығы саласында ауданда көптеген жеке қожалықтар ашылып, бүгінде олардың барлығы да өз ісін алға жылжытып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ауылшаруашылық қызметкерлері назардан тыс қалған емес. Елбасының жарлығымен жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілді. Осыған орай, Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімі Р.Н.Сағандықов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, ауыл шаруашылық қызметкерлері мен жеке қожалық басшылары қатысты.


Сонымен қатар, мерекелік кеште көрме ұйымдастырылды. Көрмеде «Мәмбет» ШҚ, кәсіпкер Светлана Кошелеваның өнімдері, Самар ауылындағы «Рыбпром» балық өндірісінің өнімдері және Балалар өнер мектебінің қолөнер бұйымдары болды. Көрмеде келген қонақтардың назарына Балалар өнер мектебінен дәріс алушы Көкпекті орта мектебінің 4 сынып оқушысы Арман Оразкен дайындаған (мұғалімі Р.Жанбаев) трактордың моделі ілікті. Ал, Самар ауылдық округі Балалар өнер мектебінен Л.Ситникованың боялған жүннен жасалған ұлттық өнерді айшықтайтын бұйымдар, алуан тақырыптағы суреттер көрменің сәнін келтіріп тұрды. Аудан әкімі көрмеге келгендерді мұқият тыңдап, жұмыстарына оң бағасын берді.
Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Р.Н.Сағындықов ауданның экономикалық жағдайына шолу жасап, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады.
- Құрметті ауыл еңбеккерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - дей келе ауданның ауылшаруашылық саласы жөнінде бірқатар мәліметтер беріп өтті.
- Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылуы еліміздің ауылшаруашылығы саласына көптеген келелі міндеттер жүктейді. Аталмыш сала соңғы жылдары бұрын соңды болып көрмеген үлкен қолдауға ие болып отыр. Біздің аудан ауылшаруашылығының мал шаруашылығы, өсімдік, омарта шаруашылығы салаларымен шұғылдануда. Елбасының тапсырмасы бойынша, етті бағыттағы ірі қара саласын дамыту бойынша көптеген шаруа қожалықтары жұмыс жасауда. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың бірі, биылғы жылға қолға алынып отырған инвестициялық субсидиялау,- деді аудан әкімі.
Жиында ауданымыздың өсімдік, мал өсіру және омарта шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқаны үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Е.Мәмбетов, Ю.Виничук, Ж.Күшікпаев, Б.Бекбердинов, Е.Қойгелдин, Қ.Сыдықов, М.Хабидолданов, А.Қайратұлы, Ә.Рапеков, А.Нарожнев, М.Қалықов, Б.Құмаров, Е.Шакеров, А.Шаров марапатталды.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов өз кезегінде аудандық мәслихаттың барлық депутаттары атынан ауылшаруашылық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының Алғыс хаттарын табыстады. Саланы өркендетуге және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін А.Қажығалиев, М.Лопаткин, Т.Хощанов, Қ.Дюсенбаев, Т.Бекбердинов, Ж.Отаров, Б.Рапеков, М.Құмаров, Ж.Байназаров, А.Бойков, М.Игіліков, Е.Дюсюпов, Е.Сағындықов, Е.Бүлембаев, А.Тоқашев, К.Оңғарбаев және Шығыс Қазақстан облысының ветеренария басқармасының алғыс хатымен ауылдық округтегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін О.Қабдылов марапатталды.
Дәстүрлі мерекеде еңбектегі зор табыстары, жоғары өндірушілік сапалары үшін және ауылшаруашылық қызметкерлері күніне орай: ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы және жемісті еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен өсімдік, мал шаруашылығы және омарта шаруашылығының дамуына және ауылдық округтегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еңбеккерлер де марапатқа ие болды.
Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің әсем әуенге толы концертіне ұласты.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз