Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қа-зақстан дамуының басты ба-ғыты» атты Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан бекітілген.


Көкпекті аудандық Сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бізге берген ақпараты бойынша ауданымыздың мемлекеттік тұрғын үй қорында 131 тұрғын үй мен пәтер бар. Оның 79 қызметтік баспана болса, қалған 52 азаматтық тұлғаларға арналған. Бүгінде аудан бойынша тізімде тұрғандардың саны 462 адамды құрайды. Олардың 1 - ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, 128 - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, 73 - мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 2 - жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар, 258 - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68 және 71 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй Қазақстан Республикасының аталмыш аумақта тұратын үйге мұқтаж азаматтарына, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлер және әскерилерге, заң жүзінде жалғыз үйі қатерлі жағдайда деп танылған азаматтарға беріледі. Халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасылар, бекітілген тізімде бар созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, зейнеткерлер, репатрианттар (оралмандар), көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары мен экологиялық апаттардың әсерінен тұрғын үйлерін жоғалтқан адамдар жатады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алу, Көкпекті ауданының атқарушы органы арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үйге мұқтаж жандар тіркелу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (Көкпекті ауылы, Ше-риаздан көшесі, 38. Самар ауылы, Горохов көшесі, 56) жүгінуі қажет. Ол үшін тиісті құжаттар тізімі мынадай:
1. Отбасының әр мүшесінің тұрғылықты мекен-жайы жайлы анықтама.
2. Отбасының әр мүшесінің атында тұрғын үйдің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы халыққа қызмет көрсету орталығының анықтамасы.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жағдайы төмен екендігін растайтын анықтамасы.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдаланатын үйінің болмауы туралы анықтама.
5. Жеке куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің, неке туралы куәліктің көшірмелері.
6. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалардан басқа, әлеуметтік жағдайы төмен деп танылған азаматтар отбасының әрбір мүшесін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы өтініш жазғанға дейінгі соңғы 12 айдағы табысы жайлы ақпарат берулері тиіс: еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыс орынынынан айлық табысы жайлы анықтамасы (жұмыссыз деп тіркелген азаматтар жұмыспен қамту бөлімінен тиісті анықтама), зейнетақы мөлшері туралы, кәмелетке отлмаған балаларға арналған жәрдемақы немесе азаматтың зейнетақы не жәрдемақы алмайтындығын растайтын анықтама.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге өтініш берген сәттен бастап бекітілген тізім реті бойынша мұқтаждардың тізімінде бар азаматтар ие бола алады. Тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең. Тұрғын үй алуда басым құқыққа Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ғана ие бола алады.
Соңғы 5 жылда ауданымызда мемлекеттік тұрғын үй қорынан 25-тен астам тұрғын үйлер мен пәтерлер берілді. Берілген тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу және коммуналдық қызметтер тұрғындардың есебінен жүргізіледі.
«Тұрғын үй мәселесі әрдайым назарда және бұл тұрғыдағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Көкпекті аудандық Сәулет, құ-рылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Көкпекті ауылындағы бұрынғы «Тұрмыстық комбинат» ғимаратын жетім балаларға арналған 16 пәтерлі үй жағдайына келтіріп, қайта құру жұмыстарын жүргізуге конкурс жариялаған болатын. Қазіргі таңда қорытындылары шығарылуда. Аталған шара ағымдағы жылдың тамыз айында бас-талатын болады», - деді бөлім басшысы М.Қапшықов.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету халыққа қызмет көрсетудің ең маңызды тармақтарының бірі. Мемлекеттің басты байлығы халық екенін ескерсек, оның ыңғайлы өмір сүруіне жағдай жасап, елдің әлеуметтік жағдайының тұрақтылығын сақтау үлкен міндет.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз