Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8 тамыз күні Самар ауылындағы Мәдениет үйінде ауданымыздың  жол-құрылыс саласында еңбек ететін құрыш білек құрылысшылар мен сала ардагерлері бас қосты. Оларды құттықтауға басқа да мекеме, ұжым өкілдері қатысты. Өйткені, олардың барлығының да құрылысшыларға  алғысы шексіз. Аудан мен ауыл көлеміндегі барлық әлеуметтік, шаруашылық, өндірістік нысандар құрылысшылардың еңбегімен тұр-ғызылғаны белгілі.

 Бүгінгі мереке иелерін аудан әкімінің атынан оның орынбасары К.Смаилова құттықтады. – Сіздердің еліміздің экономикасына қосып отырған үлестеріңіз орасан зор. Құрылысшы - мәртебелі мамандық. Бүгінгі күні еліміздегі тұрғызылып жатқан алуан түрлі құрылыс нысандары ауыл, қалаларымызға көрік беріп қана қоймай, халық қажетіне қызмет өтуде. Еліміздің бас қаласы Астананың, ЭКСПО көрмесінің құрылысы да сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.

Елбасы қашанда құрылысшылардың жұмысын жоғары бағалайды. Құрметті құрылысшылар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық тілейміз, Республикамызда көрікті нысандар, тегіс те түзу жолдар көбейе берсін деп тілейміз, - деді Клара Рафикқызы.

«ЖҚБ-14», «Ашим-С», «Қазақавтодор», «Көкпекті Жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары мен бірқатар жұмысшылары, жүргізушілері бұл күні сый-сияпет пен марапаттауларға ие болды. Олардың арасында «ЖҚБ-14» ЖШС атқарушы директоры А.Калинин, жұмысшылары А.Дегтярев, З.Сқақов, А.Каленов, Е.Бұлышев, «Көкпекті Жолдары» ЖШС басшысы Г.Нұрғалиева, қызметкерлері О.Вишняков, А.Ушаков, ТҮКШ және құрылыс бөлімінен Б.Сәменов, Е.Базарбаев, Н.Шалбаев, округтерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүдделі болып, инвестиция тарта білген округ әкімдері М.Қапшықов, К.Сақуанова, М.Жанкебаев, Ш.Шайырғазина және басқа да азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды. Ауданның байырғы сәулетшісі В.Гладышев, жол құрылысы саласының майталманы А.Вайс және басқалары да назардан тыс қалмады. Сонымен бірге саланың бірқатар мамандары аудандық құрылыс және ТҮКШ бөлімінің марапаттарына лайықты деп танылды. Оларға сыйлықтарды бөлім басшысы Б.Бекенов табыс етті.

Мерекелік  жиын соңы ауданымызға белгілі өнерпаздардың концертімен жалғасты. Құрылыс саласының майталмандарының алдында Ш.Ибраев, Т.Нечаева, «Забава» ансамблі және басқалары өнер көрсетті.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз