Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Зәулім мектеп, алаңы,

Көркем үйлі қаланы,

Балалардың бақшасын

Құрылысшылар салады.

Биік тартып барады.

Бір қабаттан, бір қабат

Қолында ойнап қалағы

Құрылысшы ағай жүр қалап,-деп балалар жырлайтын тақпақта айтылатын қолында алтын қалағы ойнаған құрылысшы – Сайындолда Есқазыұлы Тасылбаев.

- Мен бала кезден құрылысшы бола қояйын деп армандаған кісі емеспін. Мектепті аяқтаған соң жүргізушілік курсты оқыдым, содан кейін әскер қатарына шақырылдым. Әскерден келген тепсе темір үзетін жігіт үйде қарап отыру ұят болатын. Сондықтан Палатцы ауылындағы «Востокказсельстрой-24» мекемесіне жұмысқа тұрдым. Тас қалаушының көмекшісі, кейіннен тас қалаушы болдым.  Шеберлер демалуға отыра қалғанда, қолыма қалақты алып, өзім қалай бастайтынмын, сол талабымды көріп, олар қате кеткен жерім болса үйретуші еді. Сөйтіп бірте-бірте шебер тас қалаушыға айналдым, - дейді Сайындолда ағай.

 

Жұмыс істей жүріп жас жігіт құрылыс техникумын өндірістен қол үзбей оқып алады. Техник-құрылысшы мамандығын алған талапты жас бригадирлікке жоғарылатылады. Біраз уақыт банк инженері болып қызмет еткен С.Тасылбаев қайтадан құрылыс алаңына оралды. З.Ә.Қапшықов басшылық жасаған ЖМК-16 құрылыс мекемесіне жұмысқа орналасып, сол жерде тоқырау жылдарында қажеттілігі болмай тарағанша еңбек етті. Сайындолда Есқазыұлы құрылысшы болып еңбек еткелі қырық жылдан асты. «Осы жылдарда қаншама құрылыс салдыңыз?»-деген сұраққа ол кісі ойланып қалды. «Көп қой. Негізінен сол кездегі ағымға қарай ауылшаруашылығы саласына қажетті құрылыстарды салдық. Сонымен бірге мәдениет ошақтарын, тұрғын үйлер де салумен айналыстық», - дейді ағай.

Мариногор ауылындағы Мәдениет үйі, Самар ауылындағы бұрынғы Ленин атындағы ұжымшардың  тұрғын үйлерінде ол кісінің қол-таңбасы бар. «Қырық жылда салған құрылыс нысандарының барлығын жіпке тізе беру мүмкін емес. Бірақ сол құрылыстар көзіңе жылыұшырап, туған балаңдай көрінеді. Өзің салған құрылысқа қарап, сол кездегі сәттерден естеліктер ойға оралады», - дейді Сайындолда ағай. Мәртебелі құрылысшы талай мемлекеттік наградаларға ие болды. «Оларды қазір анда-санда қарап қоямын, қайда тағып барамын», - дейді ол кісі.

Бір құрылыс мекемесінде, бір бригадада жұмыс істеген Мұрат Ибраев, Тахир Хамидуллин үшеуі қазіргі күні Самар ауылындағы ең тәжірибелі құрылысшылар санатында. «Қалисатарұлы» шаруа қожалығында құрылысшы болып саналғанымен оларды ауылда құрылыс салатындар кеңес беруге, көмектесуге үнемі шақырып тұрады. Шаруашылықтың басшысы С.Жотабаев шаруашылыққа қажетті нысандарын жаңартқанда, жұмысшыларға үй сал-ғанда бұл бригада еселі еңбек етті. Енді қазір шаруашылықтың жұмысшыларына арнап салып жатқан тұрғын үй құрылысын жүргізуде. «Біз бір үйді салып ақтадық, енді тағы да бірнеше үй саламыз. Шаруашылық басшысы Самарқан Қалисатарұлы жұмысшыларының әлеуметтік мә-селесіне немқұрайлы қарамайды. Сондықтан да тұрғын үй салуды қолға алып отыр. Біз барлық шеберлігімізді жұмсап, барынша жылдам аяқтауға тырысамыз», - дейді ол.

Жасампаз мамандық иелері елімізде жоғары мәртебеге ие. Халыққа қажетті құрылыс нысандарының әрқайсысында олардың ала-қанының жылуы мен табы бар. Құрыш білек құрылысшы ағайға кәсіби мерекеңізбен дей келе, еңбегіңіз еселене берсін, адамдарға арнап салған үйлеріңіздің шаңырағынан сізге айтылған алғысқа бөлене беріңіз дегім келеді.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз