«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай 22 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде бірлігіміздің символы - көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті.  Бұл - ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. 

 

25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шараға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, мекеме, ұйым қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Республика күнін атап өту салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен және мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды. Кадет сыныбының сарбаздары мемлекеттік туды салтанатты түрде көтерді. Әнұран шырқалды. Біз - байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.
Салтанатты шарада аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы құттықтау сөз сөйледі.
- Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күнімен құттықтаймын!
Ағымдағы жылдың маусым айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес 25 қазан Республика күні ұлттық мереке, ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болды.
Аудан басшысы өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып оралған, ұлттық және мемлекеттік мереке - Республика күнінің маңыздылығына тоқталып, «Республика күні – тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символы» – деп атап өтті.
Құттықтау сөзден кейін, Ділдәбек Тәжібайұлы марапаттау рәсімін өткізіп, ауданымыздың әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады.
Көрермендер Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйі әртістері мен оқушылар шығармашылық сарайы дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН
Т.Сарманов – аудандық маслихат хатшысы
Г.Смагулова - аудандық маслихат аппаратының ұйымдастыру- құқықтық жұмысы және бақылау бөлімінің басшысы
В.Назикеева - аудандық маслихат аппаратының бас маман заңгері
Ә.Тойкина - аудандық маслихат аппаратының бас маман есепшісі
Р.Чултукова - аудандық маслихат басшысының хатшысы
Н.Бекенов - аудандық маслихаттың жүргізушісі
О.Иванова - аудандық маслихаттың қызметтік орынжайларды тазалаушы
Р.Кемербаева - аудандық маслихат депутаты
Е.Нұрлан - аудандық маслихат депутаты
Г.Нұрғалиева - аудандық маслихат депутаты
В.Виничук - аудандық маслихат депутаты
Ә.Тасқайратова - аудандық маслихат депутаты
Р.Наурызбаева - аудандық қоғамдық кеңес хатшысы
Д.Қойгельдин - аудандық қоғамдық кеңес хатшысы
Н.Сүлейменов - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Н.Құмаров - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Г.Ақшабаева - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Б.Бекенов - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Г.Мұхамадиева - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Б.Сәрсембаев - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
В.Едик - аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАЛ ЕҢБЕГІ ҮШІН АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН
А.Туребеков - Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы
К.Баяхметова - «Шуақты шұғыла» балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі
К.Самадиева - Көкпекті ауданы әкімі аппаратының техникалық қызметкері
Б.Тусупбеков - Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің еңбекке баулу пәнінің мұғалімі
Е.Оспанова – «Бөбек лүпілі» балабақшасының меңгерушісі
Г.Каусканова - аудандық кітапхананың техникалық қызметшісі
В.Калбагаева – І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Б.Оспанова - ардагер ұстаз
Г.Сыдыкова - ардагер ұстаз
А.Кожахметов - Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің көлік жүргізушісі
Е.Қилыбаев – қажы, Көкпекті аудандық орталық мешітінің бас имамы болған
Ж.Меирманов - көп жылдар бойы Көкжайық ауылының имамы болған
Б.Ағымбаев - Тассай ауылдық мешітінің имамы
Н.Дүйсен - Көкпекті ауданының бас имамы
К.Ахметқалиев - Көкпекті аудандық «Тана мырза» мешітінің наиб имамы
Н.Кравченко - аудандық «Жұлдыз» - «Новая-жизнь» газетінің корректоры
А.Байсакалова - Көкпекті орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
М.Турабаева - ардагер ұстаз
Н.Фахрутдинова - Көкпекті аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Н.Габдуллин - Көкпекті аудандық Прокуратурасының көлік жүргізушісі
Д.Аханов - Көкпекті аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің техникалық қызметкері
Ж.Садвакасова - Көкпекті ауданының ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің есепшісі
А.Дананова - Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының хатшысы
М.Волобуева - Қазақстан Республикасы ауыл-шаруашылық министрлігінің аумақтық ветеринарлық қадағалау инспекциясының бас маманы
А.Дунгененова - Оқушылар шығармашылық сарайы домбыра сыныбының мұғалімі
Д.Шакербекова - Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қ.Кумпеисов - Көкпекті ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны
И.Туребаева - Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы
А.Акижанова - аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы
А.Нурлыбаева - қаржы бөлімінің маманы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз