ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан полициясы күні немесе жай ғана Полиция күні – Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігіне қарасты мекемелерде қызмет істейтін полиция қызметкерлерінің төл мерекесі. Бұл кәсіби мереке 1992 жылы 23 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдары туралы Заңмен байланысты белгіленген. Бұл күні тәртіп сақшыларының кәсіби мерекелеріне орай, Көкпекті аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті.


Мәдениет үйінің жезтаңдай әншісі Март Әбілмжиновтың орындауындағы «Долг и честь» әнімен басталған шарада аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтап, қоғам тыныштығы жолында атқарып жатқан жұмыстарына жеміс тіледі. Полиция күніне арналған жиын барысында Талғат Манапұлы бүгінде орталарында ардагер ағалар болып отырған М.Қабылбеков, С.Кизамединов, Б.Гарипов, Е.Аққазин, М.Матанов сияқты ардақты жандардың еңбектеріне алғыс айтып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, мерейлерін үстем етті. Ал, Қазақстан полициясының 25 жылдыығына орай көп жылдық қажырлы еңбегі үшін және жас полиция қызметкерлерге потриоттық тәрбие бергені үшін бағалы сыйлық және ЭКСПО көрмесіне билеттерді полиция ардагерлерлері М.Оразаметов, В.Шоу-Ву, С.Тілебалдин,Ә.Оспанова, Р.Сейфиевке табысталды.
Мінсіз қызметі мен білікті кәсібилігі үшін үздік деп танылған тәртіп сақшылары аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Олар: М.Қасенов, А.Зарықбаев, Р.Ибраев, Н.Ақсейітов.
Көкпекті аудандық ІІБ бастығы Қайрат Бытебаев тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтай келе, өз баяндамасында полиция қызметінің тыныс-тіршілігіне, тынымсыз еңбектеріне тоқталып, ардагерлерді атап өтіп, кейінгі жас буын қызметкерлерге үлгі етті. Бұл мереке жалғыз ішкі істер органының емес, бүкіл халықтың мерекесі десек болады. Себебі, қылмыспен күресу, қылмыстың алдын алу бүкіл адамзат баласының міндеті екені хақ.
Баяндама соңында қиын да қызықты еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық, денсаулық, қуаныш, береке-бірлік тілеген Қайрат Бесенбайұлы Көкпекті ауданы Ішкі істер бөлімінің ардагерлері Ю.Чуркин, И.Новиков, А.Аширов, Қ.Жүнісов, Ж.Акимеев, Ф.Аверко, С.Тасқайратов, Б.Жарқымбаев, Ф.Резников, А.Рақышев, Қ.Нұрқасымовтарға бағалы сыйлықтар мен мадақтамалар тапсырды.
Бұл күні Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі марапаттауларға ие болды. Салтанатты шарада Көкпекті аудандық ІІ бөлімінің Жергілікті полиция басшысы Ферхат Мавлютов Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай көтермелеу туралы бұйрықтарды таныстырып өтті.
Мерейлі мерекенің қонақтары Көкпекті ауданы полиция ардагерлерінің атынан кеңестің төрағасы Жанат Акимеев ақжарма тілегін жеткізіп, Самар және Көкпекті ІІБ сый-сияпат жасады.
Салтанатты жиын барысында тәртіп сақшылары құрметіне Мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әндерден шашу шашып өнерлерін паш етті.
Осылайша, көңілге шуақ шашқан мерейге толы сәттен құқық қорғау қызметкерлері зор әсермен тарасты. Еліміздің болашағы, тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін, Тәуелсіз еліміздің одан әрі гүлденіп өркендеуі үшін талмай, қажымай еңбек етіп жүрген қырандай қырағы сақшыларды біз де мерекелерімен құттықтап, толайым табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз