ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс орталығы Өскемен қаласында аудандардың ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. 10 маусым күні қалалықтарға Көкпекті және Зайсан аудандары бірлесіп мол өнім ұсынды. «Fresh market» сауда кешенінің аумағында орын тепкен жәрмеңке қалыптасқан дәстүр бойынша өте жоғары деңгейде өткізілді.


Облыс орталығына күні бұрын жетіп алған қос ауданның азық-түлік тауарын өндірушілері ертемен-ақ жәрмеңкені қыздырды. Атап айтар болсақ, бір ғана біздің ауданның өкілдері барлығы 7 тоннадан астам ет өнімін ұсынды. Бұл күні көкпектіліктер 5150 кг. ірі қара еті, 1430 кг. жылқы еті, 340 кг. шошқа еті және 790 кг. қой етін пұлдады. Жәрмеңкедегі өнімдер базар бағасынан 10-15 пайызға арзан.
Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков жәрмеңкені аралап, тауар өндірушілермен ашық-жарқын әңгімелесті. Басқарма басшысы олардың көбін танитын болып шықты. Көкпекті ауданынан келген шаруалардың жағдайына қызығушылық танытып, жұмыстарына табыс тіледі.
Маусым айында ағыл-тегіл жәрмеңке ұйымдастырған қос ауданның басшылығына өскемендіктердің алғысы шексіз. Кіммен пікірлессек те ризашылықтарын жеткізіп жатты.
Құрал Әлібеков, Өскемен қаласының тұрғыны, зейнеткер:
– Осындай жәрмеңкелерге ет үйретіп алдық. Пайдасын да молынан көріп жүрміз. Шаруалар көктемгі егістік жұмыстарын жаңа аяқтап жатқан тұста мынадай азық-түлік тауарларының сауда-саттығын ұйымдастырған облыс басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Оның үстіне базардағыдай бей-берекетсіздік жоқ. Әр тауар бөлек-бөлек сатылуда. Бағасы базардан төмен. Ең алдымен, бұл біз сияқты зейнеткерлерге көп жеңілдік.
Валерий Зиновьев, Новосибирск қала-сынан келген қала қонағы:
- Біз Новосибирск қаласынан қонаққа келген едік. Расын айтса, мен қатты таңқалып тұрмын. Бұл біз үшін таңсық жағдай. Өскеменге жиі келіп жүреміз. Ендігі уақытта осындай жәрмеңкелерге асығатын болдық. Бұл бір жағынан өнім өндіруші мен сатып алушы үшін жағдай болса, екіншіден қаржы айналымы арқылы экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін факт. Сіздің ауданның шаруаларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз