ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Таяуда Көкпекті ауылдық округі Романовка НМ директоры Әділбек Қаусов және Шұғылбай ауылы І.Жансүгіров атындағы ОМ директоры Жұмабай Ерботин «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінен табысталған бұл марапат - көкпектілік педагогтардың халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, еліміздің дамуы жолында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі педагогикалық еңбегіне және ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіне берілген жоғары бағасы.
Аудандағы ұстаздар қауымын елең еткізіп, қуанышқа бөлеген осындай сүйінші жаңалыққа баршамыз шаттандық. Осының өзі - Ыбырай салған сара жолдың, бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын тауып жатқанының көрінісі. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин жайлы бірер сөз айта кетуді жөн көрдік.


Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы-ұстаз.
Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық «Кел, балалар, оқылық!» — «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер-білімі бар жұртқа» — терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман-сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туынды социалистік дәуірде жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Осы орайда ұстаздық жолда еңбектері еленіп, мәртебесі артып отырған қос мектеп директорымен кездесіп, әңгіме-дүкен құрдық. Ақсуат ауылының тумасы, жоғары білімді ұстаз Әділбек Оразғалиұлы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті тәмамдаған. Романовка негізгі мектебінде 20 жылдан аса мектеп директоры қызметінде қарамағындағы педагогтар ұжымын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара басқарып отыр. Өскелең ұрпақтың сапалы білім, жан-жақты тәрбие алуына ұтымды бағыт беруде. Осы жылдар ішінде аудандық білім беру бөлімінің, облыстық білім басқармасының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Жан-жары екеуі 3 бала тәрбиелеп, 2 немере сүйіп отырған бақытты отағасы. – Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдың жауапкершілігі де зор деп білемін. Бұл марапат ауыл мектебінің ұстаздар ұжымына да ортақ. Ұлы ұстаздың атына лайық қызмет етіп, ел болашағын өрге сүйрейтін азаматтарды тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ету біздің парызымыз, - дейді Әділбек Оразғалиұлы.
Ал, Жұмабай Хамзаұлы 1982 жылы Семей педагогикалық институтын математика пәні мамандығы бойынша тәмамдады. Содан бері І.Жансүгіров атындағы ОМ мұғалімдік еңбектің қызығы мен қиындығын бастан өткеріп, ұжымды ұйыстырып, ұрпақ тәрбиесі жолында еңбектенуде. Бұл уақыттың 20 жылы білім ордасын басқаруға арналыпты. Аталмыш қара шаңырақ ауданның маңдай алды мектептерінің бірі болып саналады. Айта кетсек, «Ауданның үздік мектебі» атағын жеңіп алған, «Алтын белгі» иегерлерінің ұстаханасы атына ие мектеп. Ж.Ерботин облыстық білім беру Департаментінен, аудандық білім бөлімінен бірнеше дүркін құрмет грамоталарын және Президент Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Осыдан Жұмабай Хамзаұлының жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде өзі басқарған ұжыммен бірге атқарған еңбегінің зая кетпегенін танимыз.
– Бүгінгі марапаттың орны мен үшін ерекше. Бұл тек маған ғана емес, І.Жансүгіров атындағы мектеп ұжымына жасалған құрмет деп санаймын. Мені осындай жоғары мәртебеге жеткізген әріптестеріме алғысым шексіз. Біз әрі қарай да еліміздің дамуы жолында педагогикалық еңбегімізді биік сапаға көтеріп, табыстарға жете береміз, - деді Жұмабай Хамзаұлы.
Біз, газет редакциясы тарапынан, алған марапаттарыңыз үшін бірге қуанып, ұстаздық еңбектің биіктерін бағындыра беруге тілектестік білдіреміз.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз